A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836  және «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту  және    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының                              2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2001 жылғы 19 маусымдағы                      № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2012 жылғы  13 қаңтардағы                           № 45 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiнде:

 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган                  (бұдан әрi-уәкiлеттi орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсiби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетедi және табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жiберудi жүзеге асырады.»;

15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аумақтарды дамыту бағдарламаларының және салалық бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:

 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органның жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi.»;

67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.

         7. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды.»;

11-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын.

2) «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарында:

5-тармақтың 13) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:

«13) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы құжаттарында дамытылуы көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;».

 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 3.СТ-каз.doc79.5 KB
Microsoft Office document icon 2.ПЗ-каз.doc47.5 KB
Бөлімдер:
18 наурыз, 2014 - 16:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші