A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 771 қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – МӘС ережесі) 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2013 жылғы 20 тамыздағы № 771 қаулысына 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру мақсатында МӘС ережесі:
- нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін;
- аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттерінен келіп түскен жұмыс барысында қолданыстағы МӘС ережелерін іс жүзінде қолдануға негізделген ұсыныстарды талдауды; 
- медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) мәселелері бойынша күрделі жағдайларды және сот процестерін; 
- ТМД елдерінің МӘС саласындағы заңнамалық актілерін зерттеуді ескере отырып әзірленді. 
МӘС жүргізуді жетілдіру және халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының жағдайын жақсарту мақсатында МӘС ережесінде мынадай өзгерістер көзделген:
1) қызметтерді ажырату үшін «МӘС бөлімі» және «МӘС әдіснама және бақылау бөлімі» деген терминдер мен ұғымдар енгізілді, өйткені Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік саясат пен бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тек МӘС бөлімдері (аумақтық Департаменттердің бөлімдері) ғана медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізеді;
2) «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынатын құжаттардың тізбесінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сәйкестендіру нөмірінің қажеттілігі көрсетілді;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес «өндірістік жарақат» және «кәсіптік ауру» деген анықтамалар енгізілді;
4) МӘС бөлімдеріне және медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсетудің тәртібі регламенттелді;
5) сотқа жүгінгенге дейін МӘС бөлімдерінің шешімдеріне шағымдану бойынша мүгедектердің құқықтарын түсіндіру кеңейтілді, МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысына шағымдану тәртібі регламенттелді;
6) МӘС ережесінің 3-қосымшасы КЕА дәрежесі (мүгедектік тобын тағайындамай) 5-тен 29 %-ға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктердің тізбесімен толықтырылды, бұл қол саусақтарының анатомиялық кемістіктері бар адамдарға әр жыл сайын куәландырудан өтпеуге мүмкіндік береді;
сонымен қатар, осы МӘС ережесінің нормаларын бірізді қолдану мақсатында редакциялық және нақтылайтын өзгерістер енгізілді.
Жалпы, МӘС Ережесіне енгізілген өзгерістер қосымша шығынды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

 

2 қазан, 2013 - 16:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші