A A A
Мазмұнына өту

You are here

Тамара Дүйсенова Республикадағы әлеуметтік сала ардагерлерін қарттар күні мерекесімен құттықтады

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қарттар күніне орай, әлеуметтік сала жүйесінің бұрынғы қызметкерлерімен кездесу өтті.
Онда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ардагерлерды төл мерекесімен құттықтап, отандық әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына және оның іргетасының қалануына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. 
Министр Тамара Дүйсенова өзінің құттықтау сөзінде: «Әлеуметтік қорғау жүйесі деп - адамдардың басына қиындық түскен сәтте ең бірінші арқа сүйейтін сенімді ортаны айтуға болады.  Бұл жүйені кезінде сіздер қалаған едіңіздер. Ал біз қазір тек жаңғыртып қана отырмыз», - деді. Ардагерлер министрдің сөзіне жауап ретінде Мемлекет Басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларымен қолға алынып жатқан  зейнетақы жүйесін жаңғырту, «Жұмыспен қамту Жол кратасы - 2020» сияқты бағдарламаларды іске асыруда министрліктің жұмысына сәттіліктер тіледі.
Шара барысында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша  мемлекеттік саясаттың белсенділігі, сондай-ақ, өмірдің ауыр жағдайларына тап болған отбасы институттарына, азаматтар мен егде жастағыларға қолдау көрсету жайы сөз болды. Кездесу соңы мерекелік түскі ас пен естелік сыйлықтарды сыйға тартуға ұласты. 
3 қазан, 2013 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші