A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 2 қазанда № 1042 қаулысын қабылдады

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 2 қазанда                                                                                                             «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» (бұдан әрі – қаулысы)  № 1042 қаулысын қабылдады.

Қаулы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі  № 111-р өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің 10-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоғарыда аталған қаулы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

Қаулыны қабылдау әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

 

12 қазан, 2013 - 12:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші