check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Жауапты орталық атқарушы органдар:

1) Іс-шаралар жоспарының уақытында орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жыл сайын 10 қаңтарға Іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жыл сайын 15 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                              С. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің

2013 жылғы  «_____»_______

№______қаулысымен

бекітілген

 

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1

 «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың тұрғындарына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізу

 

 

БҒМ-ға зерттеулер бойынша есеп

 

 

ДСМ

 

 

 

2014 жылғы қаңтар–

2016 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет

2014 жылы-30,3 млн. теңге;

2015 жылы-30,1 млн.теңге

2016 жылы-23,4 млн.теңге

2

 «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың тұрғындарына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

Сараптамалық санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, Қоршағанорта-миніне ақпарат

 

 

ДСМ

 

 

2017 жылғы ақпан

 

 

3

«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының оған іргелес аумақтардың тұрғындарына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбында зерттеу жұмыстары бойынша сараптама жүргізу

 

Қоршағанорта-миніне ақпарат

 

БҒМ

 

2017 жылғы наурыз

 

 

4

Қоршағанортаминіне, ДСМ-ге және Еңбекминіне «Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» 038 бюджеттік бағдарламасының аясында «Бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шарасы шеңберінде жүргізілетін Семей ядролық сынақ полигонының түрлі қоршаған орта объектілерінің (ауа, су, топырақ) және ауыл шаруашылық өнімдерінің ластану деңгейлерін бағалау жөнінде тексеру жүргізілген полигон аумақтары бойынша материалдар ұсыну

 

Қоршағанорта-миніне,

ДСМ-ге,                             

Еңбекминіне ақпарат

 

ИЖТМ

 

2017 жылғы наурыз

 

 

5

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарын Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарының мәртебесін өзгертудің орындылығын анықтау мақсатында зерттеу материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, Еңбекминіне

ақпарат

 

Қоршағанорта-мині

 

2017 жылғы маусым

 

6

      – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

     – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген иондаушы сәулелендіру әсеріне байланысты аурулардың тізбесіне және иондаушы сәулелендіру әсері бар аурулардың себептік байланысын анықтау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру

 

 

ПМК-ге ақпарат әзірлеу

 

 

Еңбекмині ДСМ

Қоршағанор-тамині

 

 

2017 жылғы шілде

 

 

 

7

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру туралы мәселені қарастыру

 

ПМК-ге ұсыныс

 

ИЖТМ

ШҚО әкімдігі

2014 жылғы мамыр

 

8

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында ҒЗМ жанынан 120 төсек-орынға арналған Радиациялық медицина және экология оңалту орталығын құру мәселесін қарастыру

 

ПМК-ге ұсыныс

 

ШҚО әкімдігі

2014 жылғы мамыр

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы;

ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;

ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

ИЖТМ –Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ҒЗМ –Ғылыми-зерттеу институты.


«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С. Ахметовтің  2012  жылғы 13 желтоқсандағы № 20-8/1982 тапсырмасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайдағы болжанған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Қаулының қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға апарып соқтырмайды

4.

Жобаны жүзеге асырумен байланысты болжанған қаржылық шығындар

Республикалық бюджет комиссиясының          2013 жылғы 27 тамыздағы шешімімен (№21 хаттама) «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарына және оған іргелес жатқан аумақтардағы халыққа медициналық және радиоэкологиялық салдарын бағалау бойынша  ретроспективті және проспективті талдау» тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен барлығы    83,7 млн. теңге бөлінген.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанған әсері

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қолдау бөлігіне ғылыми көзқарастарға негізделген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді

6.

Президенттің және/немесе Үкіметтің жобада қаралған мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асырудың нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Кейінгі заңнамаларға жобаның сәйкестігін келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасымен басқа ұйымдарда өткізілген жағдайда, қосымша сараптама нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа)

Өткізілмеді

9.

Басқа да мәліметтер

Жоқ

10.

Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына «Қазақстан

Республикасы Үкіметінің

Мобильді офис» ақпараттық

жүйесі арқылы материалдар

(көшірме) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасының мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында (веб-сайттар, интернет-портал немесе басқа ақпараттық жүйе) орналастыруының рұқсаттамасын (нөмір мен күні) және ақпараты (байт саны көрсетілген шығарылған файлдардың атауы) орналастырылуы жөнінде

 

Жоба www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                             Т. Дүйсенова

 

                                                                                 2013 жылғы «____»_______________

 

Бөлімдер:
31 қазан, 2013 - 10:29 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші