A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Кәсіподақтар туралы» Заң жобасы «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция мәжілісінде қаралды

 

2013 жылдың 19 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясының  бастамасымен Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция мәжілісі өтті.  

Мәжіліс жұмысына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ.Байбек, Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің бірінші орынбасары Б.А.Сағынтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, республикалық бірлекстіктер мен жұмыс берушілер жетекшілері, ҮЕҰ, сонымен қатар қазақстандық тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Жиын барысында «Кәсіподақтар туралы» Заң жобасы қаралып, әлеуметтік әріптестік пен жұмысшылардың қызығушылықтарын арттыруға қатысты кәсіподақтардың қабілеті туралы өзекті мәселелер талқыға салынды.

Мәжілісте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңадан қайта әзірленген «Кәсіби одақтар туралы» Заң жобасы кәсіподақтардың белсенділігін арттыру, әлеуметтік‑еңбек дау­-дамайлардың алдын алу, жұмысшылардың еңбек құқығы мен қызығушылықтарын қорғау жайында сөз сөйледі.

Заң жобасында әлеуметтік әріптестік жүйесінде кәсіподақтардың маңызы мен статусын арттыру жағдайлары қарастырылған. Заң тұрғысында кәсіподақтарға қойылатын талаптар, және олардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі.  

Шара соңында жиынға қатысушылар мынадай қорытындылар шығарылды:

1. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Кәсіподақтар туралы» Заң жобасына жиын қатысушыларының ұсыныстары мен ескертпелерін ескеретін болады.

2. Заң жобасын алдағы уақытта тиімді пайдалануүші әлеуметтік әріптестіктермен заң жобасын одан әрі кең ауқымда талқылау, сарапшылардың көзқарастарымен санасу, түрлі пікірталас алаңдарын ұйымдастырып, талқылау, келіп түскен ұсыныстарға анализ жасау.

3. «Кәсіподақтар туралы» жаңа Заңды алға жылжыту бойынша барлық әлеуметтік әріптестіктермен жан‑жақты, конструктивтік алаңын ұйымдастыру.

 

 

22 қаңтар, 2014 - 15:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші