A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының«жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты (іске асырылу мерзімі 2013 – 2020)

Қазақстан Республикасының«жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
тұжырымдама  
туралы  іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты

(іске асырылу мерзімі 2013 – 2020)

 

р/с

тармағы

Тапсырманың мазмұны

Орындау

1.

11

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау

Қоршағанортамині 2020 жылға дейін өңірлер және мамандықтар бөлінісінде бес өндірістік кластерде еңбек ресурстарындағы қажеттілік туралы ақпарат ұсынбады    

2.

18

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-қа құрылатын жұмыс орындарының санын және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл» экономика мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу үшін қажетті кәсіптер тізбесін көрсете отырып, көрме объектілерінде мамандарға қажеттілік туралы ақпарат ұсынуға қатысты хат жіберілді

 

40

Халықтың осал қабатына (мүгедектер, жалғызілікті қарт адамдар және т.б) арналған қолдау түрлерін жаңарту/кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу       

       Қазіргі кезде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедектер, жалғызілікті қарттар  және т.б.) әлеуметтік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақылар, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу, жасына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар, № 1 және № 2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік қатер туындаған  жағдайда әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер, балаларға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі төленеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қолжетімділік кеңейтілуде.

Министрлік тарифтерді қайта қарау  ықпалын жеңілдету үшін ТМРА және ӨДМ бірлесіп халықтың осал топтары (мүгедектер, жалғызілікті қарттар және т.б коммуналдық қызметтерге тарифтерді) үшін  төменгі коммуналдық қызметтерге төменгі бағада  механизмін әзірлеуді ұсынады.

 

 

25 желтоқсан, 2013 - 09:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші