A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектігіме байланысты неге жәрдем ақы төленбейді?

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Мен Астанада тұрамын. Жасым 16да. Осы кезге дейін мен мүгедек екенімді білген жоқпын. Менің бір жауырыным бір жауырынымнан жоғары тұрады,жауырыным омыртқама жабысып қалған. 2012 жылы ана мен балаға ота жасатқым келіп,медициналық қаралудан өттім. Сол кезде менің жүрегімде туғаннан  тесік бар екенін кардиологтар анықтады. Сол себепті маған тез арада ота жасатты.Ота жасағаннан кейін мені МСЭК-ке жіберді. МСЭК мені иығыма және жүрегіме байланысты мүгедек екенімді анықтады. Маған туғаннан мүгедек деген анықтама берді. Сосын 16 жасқа дейін 5-ай мүгедектік жәрдем ақы берді. 16 жастан кейін төлемей қойды. Не себепті төлемегенін түсіндіріп анықтама бере алмады. Жұмысқа жарайсың,денсаулығың жақсы деп шығарып салды.

Жауап: 

Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді.  Мүгедектікті белгілеу медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі бойынша жүргізіледі.

Сіздің толық диагнозыңыз, функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі туралы толық мәліметтер болмағандықтан сараптамалық қорытындысының дұрыстығын  анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

            Көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және       әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.

 

Главный эксперт Сарсембаева К.Ж.                

 

Сұрақтың нөмірі: 300865
18 қаңтар, 2014 - 13:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші