A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипі

«Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипі береке - бірлік идеясын, мақсат – мүддесі ортақ қазақстандық қоғамның ынтымағын бейнелейді.

Логотиптің негізіне шаңырақ алынған. Бұл - бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған түрлі мәдениеттер мен этностар өкілдерінің ортақ үйінің символы.

Үйдің кеңдігі мен шаңырақтың беріктігі керегеге байланысты.  Керегенің тоғысқан тұсы Қазақстанның көпұлтты халқының жарасымды өмір сүруі идеясын білдіреді.

Әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын алуға ұмтылған ұлттың қайраты мен ауызбіршіліктің қуаты шеңберлене бейнеленген нұр сәулесімен ажарланады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипі бұл саяси тұрақтылық, экономикалық даму, әлеуметтік әл-ауқат негізінде өркениетті мемлекет құруды мақсат еткен қазақстандықтардың қоғам игілігі мен еліміздің гүлденуі жолындағы ерен еңбегін тағы бір қуаттай түседі.

12 қараша, 2014 - 13:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші