A A A
Мазмұнына өту

You are here

Төрт балалы анаға күйеуі алимент төлемеген жағдайда да неге пособия төленбейді?

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Мен сіздерге өзім шешімін таба алмаған бір сұрақты қойсам деп едім. Менің әпкем Ибрагимова Айнур Рабиловна күйеуі Шайдаров Алжанмен сот арқылы заңды түрде ажырасқан болатын. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының аудандық соты неке заңды түрде бұзылғаннан кейін, әпкемнің қолында қалған төрт қызға Шайдаров Алжаннан алимент өндіру туралы шешім шығарып берген болатын. Бірақ қазіргі таңда Шайдаров Алжан еш жерде жұмыс істемейтін болғандықтан, соттың бұл шешімі жүзеге асырылмай отыр. Әпкем еден жуушы болып 0,5 штатпен жұмыс істейді. Айлық жалақысы 17998теңге. Ең кіші кызы бірге толмағандықтан оған мемлекеттен жәрдемақы алады және бұған қоса көпбалалы ана ретінде өкіметтен төленетін жәрдемақы алады. Үлкен екі қызы мектеп жасында. Енді осы табыстарын қосып есептей келе, тұрмысы төмен отбасы ретінде пособияға құжат өткізген болатын. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әпкемнің құжаттарын тексеріп көріп, соттың әпкем Ибрагимова Айнурдың 2013жылдың 3-тоқсанында (әпкем күйеуінен сот арқылы ажырасқаннан бері ешқандай алимент алған емес) ешқандай алимент алмағанын растап берген құжатының болуына қарамастан пособия төлеуден бас тартты. Отбасы мүшелеріне шаққандағы табыс та тиесілі мөлшерден асып тұрған жоқ. Егер сот алимент төленсін деп үкім шығарса, ол алимент өндірілмесе де, төрт балаға пособия берілмей ме???????

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

            Алиментке қатысты ақпарат.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес, алиментті қарау тәртібі сот органдары арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес алимент төлеу атқарушылық құжатта көрсетілген мерзім аяқталғанша жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Осыған орай, алимент жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша сот орындаушыларына жолығуыңызға болады.

Жәрдемақыға қатысты ақпарат.

Бүгінгі күні, «Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын: Елдесов А.

Сұрақтың нөмірі: 302641
20 ақпан, 2014 - 12:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші