A A A
Мазмұнына өту

You are here

отадан кейінгі балама қандай көмек болуы мүмкін.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба.2013 жылдың желтоқсан айында төрт жастағы балам ауырып бауырында эхонокок бар деп ота жасалды.дәрігерлердің айтуынша балама аліде күтім қажет. әлі эхонокок қайта шығуы мүмкин деп әлі бақылауда болады деді.қазір енді үнемі үйдемін баламның қасында,оданда басқа екі балам бар.үшеуіде кишкентай.озім қолымда диплом бар болсада жұмыссызбын балам денсаулығы жақсы болып кеткенше жұмысқа шыға алмаймын.кейеуімде жұмыссыз.менің сұрайн дегенім ондай балаға мемлекет тарапынан жәрдем ақы бөлінеме.бөлінетін болса қайда хабарласуым қажет.қазір біздің отбасымыздың жағдайы қиын болып отыр.баламның дәрілері қымбат екі күндік дәрісі 850 теңге тұрады.құнарлы тамаққа ақшамыз жоқ .5 жылға дәрігердің қаралуында болады.рахмет алдынала.

Жауап: 

Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз: бүгінгі күні, қолданылып отырған Заң бойынша  аз қамтылған азаматтарға кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады (негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі  № 246 Заңы).

Сонымен бірге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны белгіленген азық-түлік себетінің құнынан отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы төмен болған жағдайда алуға құқылысыз. Жәрдемақының мөлшері әр балаға 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды. (негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 28 маусымдағы №63-ІІІ Заңы).

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған байланысты коммуналдық төлемдер, газ, электроэнергия қызметтерін және бұдан басқа материалдық көмек  көрсетуге құқылы (негіздеме: «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» Қазақстан  Республикасының   Заңы).

Осы мәселермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімшілікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына хабарласуыңызға болады.

Орын. БӘҚК сарапшы Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 303790
18 наурыз, 2014 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші