A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектік алу

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Менің қызыма туылғаннан кейін "Врожденный вывих обеих

бедер" деген диагноз қойылды. Одан кейін емдеу үшін аяғына шина салып,

10 күн электрофарез алды. Одан нәтиже болмағаннан кейін Ташкентке апардық, ол жерде гипс салдырып 2 апта емделді. Сол гипспен 5 ай жүріп гипсін алып тастады. 26.02.2013 жыл күні жергілікті жердегі хирург-ортопедке көріндік. Олардан ем алды. Одан кейін 21.01.2013 жылға дейін шинада болды. Врач ортопед әлі орнына келмегендігін айтып, Шымкентке барып емделу керек деп Шымкентке жолдама берді. 22.10.2013 жыл күні Шымкент қаласындағы Ортопед  көріп түсірілген рентген нәтижесін көріп шинаны өзгертіп салды. Өздерінің емін жазып берді. Ол емдердің барлығын толық қабылдадық. 28.01.2014 қайтадан жергілікті жердегі ортопедке көріндік. Ол рентгенге түсіріп әлі толық орнықпағанын айтып Шымкентке барып емделу керек екенін айтты. Шымкентте емделу үшін Шымкенттің врачы портал ашу-ашпауын айту керек екен. Соған шымкентке жолдама берді. Шымкентке барып портал ашуына болады деген рұхсат берді. Жергілікті жердегілер өздерінше портал аша алмайды екен. Порталды 13.-25. 02.2014 күндер аралығында ем алып, аяғына гипс салып шығарды.

Енді қызымды мүгедектікке шығарайын десем ВТЕК-ке жолдама ала алмай жатырмыз. Оларға емделген уақыты керек болатын болса 4 айдан асып кетті. Олардың айтуы бойынша  болничный леченияда кем дегенде 2 рет жату керек екен.  Бірақ Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 Қаулысының Медициналық-әлеуметтік   сараптама жүргізу ережесіне                    1-қосымшасының 19 тармақшасында жазылған (тірек-қозғалыс функцияларының айқын бұзылуы бар жамбас пен сан буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі;) Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатындығын атап көрсеткен. Бала туылғаннан бастап сондай қалде, онда оған неге мүгедекке шығармайды. Ондай диагноз қойылған баланы автоматты түрде инвалитке шығару керек емеспе. Осы мәселені шешіп берсеңіздер. Жауабын күтемін.      

Жауап: 

Заңға сәйкес медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді.

 Сіздің толық диагнозыңыз, мекен жайыңыз, функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі туралы толық мәліметтер болмағандықтан сараптамалық қорытындысының дұрыстығын  анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

Көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және       әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.          

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің       Бақылау     және     әлеуметтік     қорғау            Комитетінің  Бас сарапшысы Сәрсембаева Қ.Ж.

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 303895
14 наурыз, 2014 - 12:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші