A A A
Мазмұнына өту

You are here

асыраушысынан айрылғанда берілетін жәрдем ақы

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма? Менің апкемнің жолдасы қайтты, апкем 5 баламен қалды. үлкен қызы 13 жаста, ең кенжесі 1 жаста. Мемлекет тарапынан жәрдем ақы қандай көлемде есептелуі қажет? апкем бала күту жағдайымен болғандықтан жұмыс жасамаған.

Жауап: 

Сіздің сұрағыныз бойынша келесіні хабарлаймыз: асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 13 бабы).

Бұл ретте қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн... күтумен айналысатын және жұмыс iстемейтiн адам отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі болып табылады.

Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін  арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық/қалалық бөлімшесіне қажетті құжаттарын өтінінішімен қоса тапсыруы қажет.

Қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы                    № 819 Қаулысымен бекітілген.

Өтiнiшке жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса берiледi:
               1) жеке басын куәландыратын құжаттың  көшiрмесi;

                2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

               3) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) жеке идентификациалық номірі (ЖИН) куәлiгiнiң көшiрмесi;
               5)  жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер.

       Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
             1) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың (тууы туралы, неке туралы, некенi бұзу туралы, әкесi екенiн (анасы екенiн) анықтау туралы куәлiктiң, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi және тағы басқалар) көшiрмесi;
         2) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетiнiң көшiрмесi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;

        3) әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қаза болуы немесе қайтыс болуы әскери мiндетiн атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан туындағанын растайтын анықтамасы.

      Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адамдар бұған қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

        1) еңбек қызметiн тоқтатқанын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесiн (көшiрме жыл сайын еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен салыстырылады);
        2) тұлғаның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы салық органының анықтамасын (жыл сайын жаңартылады) және қажеттілігіне орай басқа құжаттар талап етілуі мүмкін.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің санына байланысты тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мөлшерінен анықталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы).

Осыған орай ЕTКД өсуіне орай жәрдемақының мөлшері де тиісінше қайта қаралып отырады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық әлеуметтік мәселелерді мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүйелі түрде қарайды.

 

 

Орын. БӘҚК сарапшы Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 304126
18 наурыз, 2014 - 12:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші