check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектікке шығу

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Мен Каракозов Улугбек Хамдамович. Түркістан қаласының тұрғынымын.

Менің қызыма туылғаннан кейін "Врожденный вывих обеих бедер" деген диагноз қойылды. Одан кейін емдеу үшін аяғына шина салып, 10 күн электрофарез алды. Одан нәтиже болмағаннан кейін Ташкентке апардық, ол жерде гипс салдырып 2 апта емделді. Сол гипспен 5 ай жүріп гипсін алып тастады. 26.02.2013 жыл күні жергілікті жердегі хирург-ортопедке көріндік. Олардан ем алды. Одан кейін 21.01.2013 жылға дейін шинада болды. Врач ортопед әлі орнына келмегендігін айтып, Шымкентке барып емделу керек деп Шымкентке жолдама берді. 22.10.2013 жыл күні Шымкент қаласындағы Ортопед  көріп түсірілген рентген нәтижесін көріп шинаны өзгертіп салды. Өздерінің емін жазып берді. Ол емдердің барлығын толық қабылдадық. 28.01.2014 қайтадан жергілікті жердегі ортопедке көріндік. Ол рентгенге түсіріп әлі толық орнықпағанын айтып Шымкентке барып емделу керек екенін айтты. Шымкентте емделу үшін Шымкенттің врачы портал ашу-ашпауын айту керек екен. Соған шымкентке жолдама берді. Шымкентке барып портал ашуына болады деген рұхсат берді. Жергілікті жердегілер өздерінше портал аша алмайды екен. Порталды 13.-25. 02.2014 күндер аралығында ем алып, аяғына гипс салып шығарды.

Енді қызымды мүгедектікке шығарайын десем ВТЕК-ке жолдама ала алмай жатырмыз. Оларға емделген уақыты керек болатын болса 4 айдан асып кетті. Олардың айтуы бойынша  болничный леченияда кем дегенде 2 рет жату керек екен.  Бірақ Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 Қаулысының Медициналық-әлеуметтік   сараптама жүргізу ережесіне 1-қосымшасының 19 тармақшасында жазылған (тірек-қозғалыс функцияларының айқын бұзылуы бар жамбас пен сан буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі;) Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатындығын атап көрсеткен. Бала туылғаннан бастап сондай қалде, онда оған неге мүгедекке шығармайды. Ондай диагноз қойылған баланы автоматты түрде инвалитке шығару керек емеспе. Осы мәселені шешіп берсеңіздер. Жауабын күтемін. 

Жауап: 

 Құрметті Улугбек Хамдамович

 

Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді. Мүгедектікті белгілеу медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі бойынша жүргізіледі

        Сіздің  балаңыздын медициналық ұйымынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жолдамасы болмағандықтан, мүгедектік белгілеуі заңға сәйкес  қарастырылмайды.

       Сонымен қатар, көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және    әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде балаңыздын кұжаттарын апарып, кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.                         

 

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің       Бақылау     және     әлеуметтік     қорғау            Комитетінің  Бас сарапшысы Сәрсембаева Қ.Ж.

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 304158
18 наурыз, 2014 - 12:14 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші