A A A
Мазмұнына өту

You are here

1 жасқа дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?  Мен  Қарағанды облысы , Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінің тұрғынымын. 02.07.2013ж  үшінші баламды  босандым. Бала тууға байланысты  1 рет төленетін жәрдемақыны алдым.  Өзім мектепте  оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек еттім. Қазіргі уақытта  декреттік демалыстамын. Басында  құжаттардың  дұрыс рәсімделмеуі себебінен  балам қазір 8 айдан асса да  бала күтіміне байланысты          1 жасқа дейін төленетін  жәрдемақыны әлі күнге ала алмай отырмын. Енді 3,5 айдан кейін балам 1 жасқа толады. Бала 1 жастан асып кеткенше ол жәрдемақыны ала алмасам, сол қалпы жәрдемақысыз қалуым мүмкін бе? Жауаптарыңызды асыға күтемін. Алдын ала рахмет.

Жауап: 

Қазіргі кезде, әлеуметтік қорғау жүесінде, Республиқалық бюджетінен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі – Қор) каржыландырылатын, баланың 1 жасқа толғанша төленетін әлеуметтік кепілдер қарастырылған.

Балаларға арналған, Республиқалық бюджеттен немесе Қордан әлеуметтік жәрдемақы балаңыздың туылған күнен бастап 1 жасқа толғанша төленеді.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны немесе әлеуметтік төлемді (әлеуметтік төлем – сақтандыру жүйесінің қатысушыларына қатысы) тағайындауға өтініш жасау мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

Осыған орай, бала бір жасқа толмастан бұрын жәрдемақы тағайындауға керекті құжаттарыңызды жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне тапсыруыңыз қажет.

 

 

Орын.: Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 304522
1 сәуір, 2014 - 20:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші