A A A
Мазмұнына өту

You are here

Оралмандарға берілген пәтер мәселесі

Менің осы өтінішті жазуыма "Маңғыстау облысы бойынша Көші-қон және демография басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер себеп болып отыр. Нақты айтатын болсам, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Бабахановтың 29.12.2002 жылғы №173 санды Қаулысының негізінде жездем Джанбаев Сарсенгали Курмановичпен оның отбасына оралман ретінде қызметтік пәтерге теңестірілген Жаңаөзен қаласы, "Шұғыла" ш/а, 29 үй, 97 пәтері берілген болатын. Аталған қаулының негізінде жалға беруші мен жалға алушының арасында Мемлекеттік қордағы тұрғын үйді жалға беру туралы келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда сол пәтерде тұрып жатқандарына 12 жылдан астам уақыт болды. 2002 жылдан бері сол пәтердің коммуналдық төлемақыларын және ЖПИК-не ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндетті төлемдерді уақытында төлеп келеді. Қарызы жоқ. Осы мән-жайларды алға тартып пәтерін жекешелендіруді сұрап Жаңаөзен қаласының әкімдігіне арызданды. Жаңаөзен қаласының әкімдігі "Пәтерді жекешелендіру мәселесі алдағы уақытта өтетін комиссия отырысында қаралады. Комиссияның қабылдаған шешімі қосымша хабарланады"-деп жауап келді. Халық арасында әкімдікте пәтерді жекешелендіру мәселесі қаралуда деген әңгіме тарап, 18.11.2013 жылы Жаңаөзен қаласының әкімдігіне тағы да арызданды. Жаңаөзен қаласының әкімдігі "Сіздің пәтеріңіз біздің коммуналдық меншігімізде болмауына байланысты, пәтеріңізді жекешелендіре алмаймыз"-деп жауап қайтарды. Содан, Жаңаөзен қаласының әкімдігін мүдделі тұлға ретінде көрсетіп пәтерге меншік құқығын тану туралы арызбен Жаңаөзен қалалық сотына жүгінді. Сот мәжілісі барысында пәтердің меншік иесі "Маңғыстау облысы бойынша Көші-қон және демография басқармасы" ММ екені анықталып, арыз қараусыз қалдырылды. Бізде "Маңғыстау облысы бойынша Көші-қон және демография басқармасы" ММ туралы ешқандай мәлімет жоқ. Осы өтінішіме ақылға қонымды уақыттың ішінде оңтайлы жауап береді деп сенемін және алдын-ала алғысымды білдіремін.

 

Жауап: 

Көші-қон комитеті, сіздің пәтер иесіне қатысты сұрауыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекелеген мемлекеттік мекемелерді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы» 2013 жылғы 27 қарашадағы № 1259 қаулысымен Ақтау қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілген.

         Осыған орай, өз сұрауыңыз бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 304662
8 шілде, 2014 - 16:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші