check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысына БАСПАСӨЗ

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасын іске асыру  мақсатында 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Салымшылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

Салымшылар кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – Тізбеде) көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүзеге асыру міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жүргізіледі.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі қызметкердің ай сайынғы табысынан бес пайыз мөлшерде белгіленеді.

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

2 сәуір, 2014 - 16:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші