A A A
Мазмұнына өту

You are here

Несие жөнінде

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме, ауылды жерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға берілетін несиеге(кредит) қалай қол жеткізуге болады?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында шағын несие берілуде. Аталмыш іс-шараның  басты мақсаты шағын несие беру арқылы елдің экономикалық белсенділігін арттыру және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, шағын несие аумақтық уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті ұйым талабына сәйкес құжаттар тапсырылғанда 5 жылға 3000000 теңгеге дейін ұсынылады.

Шағын несие жылжымайтын мүлік алуға, тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.

 Аталмыш шағын несиеге қатысты қосымша ақпараттарды алу үшін тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

       Орын.: БӘҚК сарапшысы Елдесов А.

Сұрақтың нөмірі: 305567
16 сәуір, 2014 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші