A A A
Мазмұнына өту

You are here

1 жасқа дейінгі төленетін жәрдем ақы

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма! мен 4 баламды 2013 жылдың 8 қазанында босанғам. осы сәуір айынан бастап 3 жасқа дейін төленетін жәрдем ақы шығыпты. менің балам осы 3 жасқа дейін төленетін жәрдем ақыға ілінеді ма жоқ 1 жасқа дейінг ғана алады ма?

екінші сұрақ 4 балалы аналарға қандай көмектер бар соларға жауап берсеніздер рахмет

Жауап: 

Бірінші сұрағыңызға қатысты

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі (әрі қарай - Заң).

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері

1. 1 сәуір 2014 жылдан бастап бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 31,40 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші балаға – 5,76 АЕК, екінші балаға - 6,81 АЕК, үшінші балаға – 7,85 АЕК,  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК.

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақының төлеу мерзімін 3 жасқа дейін төлеу қарастырылмаған.

          Екінші сұрағыңызға қатысты

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері 1 сәуір 2014 жылдан бастап 4,16 айлық есептік көрсеткіш немесе 7 705 теңге мөлшерін құрап отыр.

Сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 945 теңгені құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүружәне тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

БӘҚК Сарапшысы Е.Ергеш

Сұрақтың нөмірі: 305718
18 сәуір, 2014 - 09:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші