A A A
Мазмұнына өту

You are here

менің 14 жасар қызымның диогнозы "Деформация верхней челюсти,деформация носа после хейлопластики слева,Остаточный дефект передного отдела альвеолярного отроска слева и твердого неба,Состояние после хейло-ураностафиллопластики"

Сұрақ тақырыбы: 

менің 14 жасар қызымның диогнозы "Деформация верхней челюсти,деформация носа после хейлопластики слева,Остаточный дефект передного отдела альвеолярного отроска слева и твердого неба,Состояние после хейло-ураностафиллопластики".Таңдайындағы тесігі әлі бітпеген ,тағы да ота жасалу қажет.Сөйлеуі түсініксіз.Осы диогнозбен туғаннан бастап ІІІ топтағы мүгедектік жәрдемақы алып отырды.2014жылдың 1 сәуірден бастап жәрдемақы тоқтатылды.Осы қаншалықты заңды?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысы, медициналық айғақтар негізінде ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін бағалай отырып шығарылады.

       Сонымен қатар, куәландырылған адам МӘС бөлімінің сараптамалық қортындысымен келіспеген жағдайда, куәландырылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне шағымдануға болады.

       Сіздің қызыңыздың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы туралы ақпараттар болмағандықтан, МӘС бөлімінің сараптамалық шешімінің дұрыстығын тексеру мүмкін болмай отыр.

       Осыған орай, Сізге толық объективті ақпарат алу үшін  тұратын мекеніңіз бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолығуыңыз қажет.

 

БӘҚК сарапшысы: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 306571
4 мамыр, 2014 - 12:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші