A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі "Кәсіптік одақтар туралы" әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуға, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын мақұлдады

Қолданыстағы «Кәсіптік одақтар туралы» заң 1993 жылы қабылданғаннан бері  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының түбегейлі өзгеруі, әлеуметтік әріптестік негізінде әлеуметтік жаңғыртуымен қатар жұмысшы өкілдігінің әлсiздiгі, кәсіподақ қозғалысының ұсақталғандығы заңнамың қайта қарауын талап етеді.

Қазіргі уақытта кәсіподақтар қозғалысы жұмыспен қамтылған 8,4 млн. халықтың 30% немесе 2,5 млн. сәл ғана астамын ғана біріктіріп отыр. 2013 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары шағын және  ұсақталған кәсіптік одақтарға қарағанда мемлекетте қабылданатын шешімдерге айтарлықтай ықпалы бар. Бір жағынан жұмыс берушілер, екінші жағынан мемлекет ықпалының күшейуіне, мықты жұмысшы өкілдігі сәйкес болуға тиісті.

Заң жобасының негізгі жаңалықтары

1. Қызметкерлердің мүдделері өкілдігін  білдіруде және келіссөздер жүргізуде кәсіподақтардың басым құқығын бекіту - кәсіподақтар, олардың бірлестіктері,  ал олар болмаған кезде, қызметкерлердің жалпы жиналысында қызметкерлер ұсынған және өкілеттік берген  сайланбалы өкілдер қызметкерлердің өкілдері бола алады.

2. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың өкілеттіктерін ұлғайту және олардың функцияларын еңбек қатынастарын реттеу деңгейлері бойынша нақты ажыратып бөлу -  мысалы, кәсіподақ қозғалысының республикалық деңгейінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобалары қарау, солар бойынша ұйғарымдар дайындау, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерді болдырмау және олардың алдын алу нормалары қарастырылады. 

3. Бас, салалық және өңірлік келісімдердің орындалу міндеттілігі мен келісімдердің мазмұнын нақтылау – Бұл үшін, заң жобасында бас, салалық және өңірлік келісімдердің орындалуы барлық атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлер мен олардың өкілдері тарапынан  міндетті екендігін көздейтін өзгерістер енгізіледі. Келісімдердің орындалу міндеттілігі кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестіктегі рөлін күшейтеді, өз мүдделерін әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде қорғау мүмкіндігін ұлғайтады.               

4. Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік деңгейлері бойынша міндетті қауымдастығы (мүшелігі) – жұмысшылардың өкілдігін кеңейту үшін кәсіподақтардың қызметін әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде мүшелік принципімен құру  ұсынылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің мүдделерін өңірлік деңгейде қорғау үшін кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктеріне бірігуге құқылы, ал салалық деңгейінде қорғау үшін – салалық кәсіподақтарға мүше ұйым ретінде кіруге тиіс. Өз кезегінде кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қызметкерлер мүдделерін республикалық деңгейінде қорғау үшін, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктеріне мүше ұйым ретінде кіруге тиіс.  

Заң жобасының ұйымдық көпшілдік құқығы шектемейтінін және бір кәсіподақтың үстемдігін белгілемейтінін атап көрсету маңызды. Қауымдастық мүшелік  принципі барлық кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейіндегі іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру процесіне жүйелі қатысуына, азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін шоғырлану негізінде қозғайтын өзекті мәселелер бойынша шешім қабылдауға, қызметкерлердің кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерінің басшы органдарымен  кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.   

Күтілетін нәтижелер

Кәсіподақ қозғалысының моделін заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмысшы өкілдігін тиімді нығайтады; кадрларды даярлау мен қатар әлеуметтік диалогтың барлық деңгейінде қызметкерлердің мүддесін лайықты қорғайтын кәсіподақ қозғалысы басшыларының кәсіптілігін арттырады; еңбек қатынасындағы негізгі қатысушылар мүдделерінің тепе-теңдігі үшін және еңбек жанжалдарын болдырмау құқықтық негіздерді құрайды. 

 

30 сәуір, 2014 - 15:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші