A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Министрдің 2014 ж № 222-ө қаулысы

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

 

 

 

 

 

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі –Заң жобасы) әзірлесін.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті:

1) 2014 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде Заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                        Т. Дүйсенова 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon каз.doc49 KB
PDF icon каз рус.pdf1.33 MB
Бөлімдер:
16 мамыр, 2014 - 17:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші