check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Көші-қон бойынша

Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;

Бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келуші;

Қоныс аударушы – тұруға аса қолайсыз экологиялық жағдайлар қалыптасқан және даму әлеуеті төмен елді мекендерден тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан перспективалы өңірлеріне ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;

Көшіп-қонушы – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам.

Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

Оралмандар туралы деректер базасы – оралмандар мен олардың отбасы мүшелері туралы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы деректер жиынтығы;

Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және оралмандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;

Ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

Ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы – өмір сүру үшін экологиялық жағдайы ерекше қолайсыз және даму әлеуеті төмен елді мекендерден Қазақстан Республикасының экономикалық тұрғыдан перспективалы өңірлеріне тұрақты тұру үшін қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтары отбасыларының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шекті саны;

Этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

Көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

Маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;

Шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративтік ауыстыру шеңберінде уақытша ауыстырылатын қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны.

Бөлімдер:
13 қаңтар, 2015 - 11:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші