check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР-дағы ішкі миграция мәселесі бойынша

Менің қоятын сұрағым ҚР өңірлік даму министрлігі және ҚР ЕХӘҚМ-нің Халықты жұмыспен қамту департаментін және көші-қон комитетін қамтиды . Қыпшақбаев Самат Қасымұлы. Қарағанды қаласы. Республика даңғылы. 18-588.  Мен осы кезге дейін отбасыммен бірге Шымкент қаласында (Н. Төреқұлов көшесі 204-23)тұрып келдім. Көп балалы отбасымыз (жалпы саны 6 адам, 4 баламыз бар). Қарағанды қаласында жұмыс табылғанына  байланысты отбасыммен бірге осы қалаға жақында көшіп келдік.  Бұл қалада жекеменшік үйіміз (пәтеріміз) болмағандықтан тіркеуге тұру қиын болып тұр. Қәзіргі уақытта пәтер жалдап тұрып жатырмыз.. Тіркеуге тұрмағандықтан балаларымызды балабақшаға, мектепке ораналастыру мәселесі қиын болып тұр. Шымкент қаласында 2 баламыз балабақшаға баратын еді, үшінші баламыздың балабақшаға баратын кезегі келіп қалған болатын, 4-сі кезекте тұр. Сонымен бірге көпбалалы отбасы ретінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қаматамсыз етілген тобы бойынша тұрғын үй кезегіне тұрған болатынбыз.  Тіркеуге тұру, балаларымызды балабақшаға, мектепке орналастыру, тұрғын үй алу  мәселелерін шешуге көмектесе аласыздар ма?

 БАҚ-тан жақын арада ҚР ЕХӘҚМ бастамасымен еңбек ресурстары басым оңтүстік облыстардан жұмыс орны бар облыстарға халықты қоныс аудару бағдарламсы қолға алынып жатқанын хабардармыз. Осы бағдарлама қашан қабылданады, біз сияқты өз еркімен қоныс аударған отбасыларға жеңілдіктер бола ма? Менің отбасымдағы орын алган жағдай,  оңтүстіктен қоныс аударатын отбасылардан, азаматтардан  орын алуы мүмкін болғандықтан, жоғарыда аталған мәселелерді шешу тетіктерін қарастыруды сұраймын.    

Жауап: 

Саламатсыз ба!

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығының 4-тармағына сәйкес  заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатқызылған. 

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып және сұрағыңыз бойынша құзыретті жауап алу мақсатында сізге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сайтына  жолдауыңыз қажет.

Ал, еңбек ресурстары басым оңтүстік облыстардан жұмыс орны бар облыстарға халықты қоныс аудару бағдарламсы туралы сұрақты "Халықты жұмыспен қамту сұрақтары" бөліміне жолдауыңыз қажет.

 

Сарапшы А. Ниязов

 

 

Сұрақтың нөмірі: 308507
11 маусым, 2014 - 10:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші