A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектік бойынша әлеуметтік көмек

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Менің сұрағым, мен Семей ядролық сынақ полигоны зардабынан 3 топтағы мүгедекпін, өткен жылдары Семей қаласында тұрғанда маған зейнетақыға қосымша комуналдық төлемдер үшін ай сайын қаражат берілетін, қазір Астана қаласының тұрғынымын, Астана бойынша маған қандайда бір қосымша көмек немесе қаражат төленеме? Рахмет.

Жауап: 

«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімі сәйкес, тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтарға осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, коммуналдық және өзге де қызметтердің құнын төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (бұдан әрi – өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына хабарласады және белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң үлгісін алады.

Басқарма құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

Осыған орай, осы мәселермен Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімшілікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына хабарласуыңызға болады

 

Сина Ж. 

Сұрақтың нөмірі: 309209
20 маусым, 2014 - 19:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші