A A A
Мазмұнына өту

You are here

Асүйлік гарнитур және газ пеші

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе! Мен қояйын деген сұрағымды нақты қай сұрақ тақырыбына жатқызарымды білмедім. Мен  өмірлікке тағайындалған 1 топ мүгедегі, коляскада болғандықтан, маған өз ас үйімдегі асүйлік гарнитур мен ас үйдегі газ пешінде тағам дайындап, асүйдің тірліктерімен айналысу өте қиын. Асүйлік гарнитур мен газ пешіне коляскадағы бойым жетпейді. Арнайы коляскадағы мүгедектерге арналған асүйлік гарнитур мен газ пешінің болатындығын интернеттен көргенмін. Арнайы мүгедектерге арналған асүйлік гарнитур мен газ пешін Қазақстан ішінен сатып алуға болады ма? Қазақстанда  болмаған жағдайда, басқа қай елден сатып алуыма  болады? Маған мекен жай, телефонын тауып бере аласыздар ма? Мемлекет тарапынан, менің көтеріп отырған осы мәселем бойынша, маған қандай көмек көрсетіледі?

Жауап: 

Сәламатсыз ба құрметті Өтініш иесі!

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған байланысты, Сіз өзіңіз туралы толық ақпаратты ұсынбағандықтан (Т.А.Ж., анық мекенжай), көтеріліп отырған сұрақ бойынша толық түсініктеме беру және ақпарат дайындау мүмкін емес.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын.: БӘҚК сарапшысы Ирахметов С.

Сұрақтың нөмірі: 310193
17 шілде, 2014 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші