A A A
Мазмұнына өту

You are here

Квота бөлу туралы

        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

        1. «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы                31 желтоқсандағы № 1508 қаулысымен республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7 пайыз мөлшерінде белгіленген квота облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетіне (С.Е. Аманбаев):

       1) үш жұмыс күнi ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

     2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсiн.

       4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon бөлу туралы.doc55 KB
Office spreadsheet icon 2014 приложен.xls32 KB
4 шілде, 2014 - 18:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші