A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Квота бөлу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 8-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес                   БҰЙЫРАМЫН:

1. «Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 8-ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшада:

реттік нөмірі 2-жолда 4, 6, 7 және 8-бағандарда «855», «250», «520» және «20» деген сандар тиісінше «918», «258», «541» және «54» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 17-жолда 4, 6, 7 және 8-бағандарда «31989», «5966», «13789» және «7820» деген сандар тиісінше «32052», «5974», «13810» және «7854» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитеті (С.Е. Аманбаев):

1) осы бұйрықты үш жұмыс күнi ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                             Т. Дүйсенова

4 шілде, 2014 - 18:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші