A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Квота бөлу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 8-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға             2014 жылға арналған квоталарды белгілеу туралы 2014 жылғы 2 сәуірдегі №294 және «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу туралы               2014 жылғы 25 сәуірдегі №397 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №8-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитеті:

1) осы бұйрықты үш жұмыс күнi ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                            Т. Дүйсенова

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon бөлу туралы.doc61 KB
Office spreadsheet icon 2014 приложен.xls32.5 KB
4 шілде, 2014 - 18:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші