check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2014 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша шетел жұмыс күшін тарту туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Үкіметімен ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жылсайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгіленеді.

2014 жылға квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,7 пайыз көлемінде белгіленген, ол 63 мың бірлікті құрайды (2013 жылы 1,2% немесе 108,1 мың).

2014 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан Республикасы аумағында 27,3 мың шетелдік азамат еңбек қызметін атқарды, оның ішінде санат бойынша:

бірінші (басшылар және олардың орынбасарлары) – 1 658 адам.;

екінші (құрылымдық бөлімдердің басшылары) – 5 714 адам;

үшінші (мамандар) – 12 199 адам;

төртінші (білікті жұмысшылар) – 6 660 адам.

Мерзімдік ауылшаруашылық жұмыстарға тартылғандар – 1 125  адам.

Есептік кезеңнің соңына шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны, барлығы 2 537, оларда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың саны 389 642 адам.

Шетелдік жұмыс күшін тартушы кәсіпорындарда 394 мың қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол барлық жұмысшылардың 93,6% құрайды.

Еңбек көшіп келушілердің негізгі шығу елдері болып Қытай – 23,7%, Түркия –17,4% қала беруде.

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілермен 2014 жылы Қазақстан азаматтарына – 9 700 жұмыс орны құрылды, қайта даярлаудан – 2 692 қазақстандық азамат, жергілікті жұмысшылардың 9 960 біліктілігін арттырды, 517 қазақстандық жұмысшы кәсіби даярлықтан өтті, 28 шетелдік мамандар қазақстандық кадрлармен алмастырылды.

16 шілде, 2014 - 16:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші