check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыcының жобасы

Жоба

 

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік

қағидаларын бекіту туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                                             К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

201   жылғы «      »           .

№       қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың

үлгілік қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

         1. Осы Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 6-бабының 9-7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қағидалар мүгедектер үшін жұмыс орнын квоталаудың жалпы тәртібін, көлемін және квоталар белгілеу шарттарын белгілейді, мүгедектердің жұмыспен қамтылуына кепілдікті бекітеді.

  1. Қағидалар негізінде жергілікті атқарушы орган өз құзыретіне сәйкес жұмыс орындарының квоталарын бекітеді.
  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

         1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы (квота) – жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті осы Заңда айқындалған мүгедектер санаттарына арналған жұмыс орындарының саны, оның ішінде мүгедектер жұмыс істе жатқан жұмыс орындарының саны;

         2) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органда белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруы немесе бөлуі;

         3) кәсіптік еңбекке қабілеттілік – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты атқару қабілеті;

         4) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айрылу дәрежесі – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару қабілетінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейі;

         5) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы.

 

 

2. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау шарттары мен тәртібі

      4. Жұмыс орындарын квоталау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен квотамен мүгедектерге арналған жұмыс орны (бұдан әрі – Квота) жергілікті атқарушы орган белгіленген квотаға сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмсалатын шығындар жұмыс берушінің есебінен жергілікті бюджеттен қаралады.

   5. Квота шеңберінде еңбек (қызмет) міндеттерін орындауға медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.

 6. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын жергілікті атқарушы орган жыл сайын ағымдағы жылғы жиырмасыншы қарашаға дейінгі (күнтізбелік) мерзімге абсолюттік түрде белгілейді.

         7. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына тәуелсіз жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен квота бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.

         8. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері, аймақтық деңгейде жұмыссыздықтан жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган):

  1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы және осы Үлгілік қағидалар;
  2. сараптама, ағымдағы болжанған сұраныс және мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс күші әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығы;
  3. мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынған халықты жұмыспен қамту саласындағы статистикалық деректерді талдау;
  4. осы Үлгілік қағидалардың 21-23-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс орындарының орташа тізімдік саны;
  5. мүгедектер үшін бұрын бекітілген жұмыс орындарының квотасы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер бөлген немесе құрған бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;
  6. квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасындағы қолданыстағы еңбек шартының саны туралы мәліметтерді талдау;
  7. осы Үлгілік қағидалардың 21-23-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректердің талдау;
  8. жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органда жұмыс ретінде тіркелген және квота бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектердің тізімі негізінде әзірленеді;
  9. жұмыспен қамтуды қажет ететін мүгедектерді және бос жұмыс орындарын  қалыптастыру және база жүйесіне енгізу.

9. Жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректер мемлекеттік салық түсімдерін және басқада міндетті түсімдерді реттейтін  уәкілетті орган  ұсынады.

10. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жергілікті атқарушы орган тиісті қаулымен мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын кәсіпорындар бойынша бөліп, жұмыс берушіге басталатын күнтізбелік жылға 1 ай қалғанға дейін жолдайды.

11. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаулыны қабылданған күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.

  1. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес:
  1. квота енгізілген күнінен бастап күнтізбелік ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құруға немесе бөлуге;
  2. жұмыс орындарының деректері туралы мәліметтер қамтылған жергілікті нормативтік актілерді қабылдауға;
  3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес еңбек жағдайларын жасауға;
  4. жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын:

мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылған немесе бөлінген жұмыс орындары туралы;

жұмыс орындарының деректері туралы мәліметтер қамтылған жергілікті нормативтік актілер туралы;

мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын орындау туралы;

квота шегінде бөлінген жұмыс орындарының босатылуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

  1. Жергілікті атқарушы органның квотаны бекіту туралы қаулысы қолданысқа енгізілгеннен кейін  жұмыс беруші күнтізбелік ай өткен соң жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
  1. Мүгедектер үшін ұйымда белгіленген және бөлінген жұмыс орнындарының квотасының көлемі туралы;
  2. белгіленген квота бойынша мүгедектер үшін құрылған немесе бөлінген жұмыс орындардың саны туралы;
  3. квота бойынша қабылданатын қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптар туралы мәліметтерді ұсынады.

Өзінің интернет-ресурсы болған кезде, жұмыс беруші оған аталған ақпаратты орналастырады.

  1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бақылау рәсімдерінен кейін жұмыс берушілердің осы Қағидалардың 13-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жиынтық ақпараты ағымдағы жылғы оныншы желтоқсанға дейін жергілікті атқарушы органның және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсына жыл сайын орналастырылады.

 

3. Квоталардың көлемі және белгілеу шарты

  1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталауды қызметкерлерінің орташа тізімдік саны отыз бестен артық жұмыс берушілер белгілейді .

16. Қызметкерлердің орташа тізімдік санын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.  Квота есебінен жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің санын есептеу кезінде, олардың санын  дөңгелектеу тұтас мәнге дейін азайту жағына жүргізіледі.

17. Қызметкерлерінің орташа тізімдік саны отыз бестен артық жұмыс берушілер ай сайын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыс орындарының орташа тізімдік саны туралы, оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектердің саны туралы ақпарат, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбектің сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтерді ұсынады.

18. Қызметкерлерінің орташа тізімдік саны отыз бестен артық және штатта мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналасқан қызметкерлері жоқ жұмыс берушілер осы Үлгілік қағидаларға  2-қосымшада көрсетілген Жұмысшылар мен қызметшілердің басымды кәсіптер тізбесіне сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін едәуір қолайлы кәсіптер бойынша жұмыс орындарын резервке қоюды жүргізуге міндетті;

18-1. Қажет болған жағдайда мамандықтардың тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін, жұмысшы және мемлекеттік қызмет органдарының жұмыс берушілері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өздерінің ұсыныстарын әлеуметтік-еңбек саласының басшысына жолдайды;

18-2. Өндірістегі мүгедектерге арналған жұмыс орындары мүгедектердің мүгедектігіне сәйкес болуы керек.

19. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер кемінде бір күнтізбелік жыл кезеңіне белгілейді.

20. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қызметкерлердің орташа тізімдік санының екіден төрт пайызға дейінші көлемде белгіленеді (бірақ бір жұмыс орнынан кем емес).

21. Қызметкерлерінің орташа тізімдік саны отыз бестен артық және елуден аспайтын жұмыс берушілерге қызметкерлердің орташа мерзімдік санының екіден үш пайызға дейінгі мөлшерде квота белгіленеді, олар:

қызметкерлерінің орташа жылдық саны отыз бес адамнан артық және елуден аспайтын дара кәсіпкерлерге квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының екі пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімді саны отыз бес адамнан артық және елуден аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген отыз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының екі пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны отыз бес адамнан артық және елуден аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген отыз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және  алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының үш пайыз көлемінде  белгіленеді.

22. Қызметкерлерінің орташа тізімдік саны кемінде елу адам және екі жүз елуден аспайтын жұмыс берушілерге қызметкерлердің орташа мерзімдік санының үштен төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгіленеді, олар:

қызметкерлерінің орташа тізімдік саны кемінде елу адам және екі жүз елуден аспайтын дара кәсіпкерлерге квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының үш пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны кемінде елу адам және екі жүз елуден аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және екі жүз отыз бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының үш пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны кемінде елу адам және екі жүз елуден аспайтын жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген екі жүз отыз бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және  үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының төрт пайыз көлемінде  белгіленеді.

23. Қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден артық жұмыс берушілерге қызметкерлердің орташа мерзімдік санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгіленеді, олар:

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден артық және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген екі жүз отыз бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының екі пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген екі жүз отыз бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және  үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының үш пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден артық және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының төрт пайыз көлемінде  белгіленеді;

шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа тізімдік саны екі жүз елуден аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғаларға квота қызметкерлердің орташа тізімдік санының төрт пайыз көлемінде  белгіленеді.

24. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ қызметкерлердің орташа тізімдік санының жиырма пайыздан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдар мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудан босатылады.

 

4. Квотаға енгізу үшін мүгедектерді тіркеу

25. Мүгедектерді жұмыссыз  және квота бойынша жұмыс орналасуға ниет білдіруші ретінде тіркеуді тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жұмыспен қамту заңына сәйкес жүзеге асырады.

  1. Тіркеу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
  1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  2. мүгедектікті растайтын анықтаманың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  3. медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  4. мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған кезде, еңбекке қабілетті адам ұсынады).

27. Жұмыс берушілер жұмысқа орналасу бойынша қызметтерге мұқтаж, жүгінген мүгедектер туралы мәліметтерді ай сайын уәкілетті органға жібереді.

 

5. Мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру

28. Мүгедектерді квота бойынша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүргізіледі.

  1. Квота бойынша мүгедектер жіберілетін жұмыс берушілерді айқындаған кезде, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган басымдылық бойынша:
  1. жұмыс беруші қызметінің түрі мен саласын;
  2. жұмыс берушілерде бар кәсіптер мен бос жұмыс орындарының тізбесін;
  3. осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жұмысшылар мен қызметшілердің басым кәсіптерінің тізбесін;
  4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртіппен мүгедектердің біліктілігін;
  5. мүгедектердің кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуі туралы мәліметтерді (болған кезде);
  6. жұмыс берушінің біліктілік талаптарына мүгедектің сәйкес келуін;
  7. еңбек сипаты мен еңбек жағдайын өзгертуге мұқтаж мүгедектер үшін өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәліметті;
  8. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламаларында қамтылатын көрсеткіштерді ;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүгедектердің кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүгедектердің кәсіптік еңбек ету қабілетін;
  11. ұсынылатын жұмыс орындарына дейін жолдың аралығы мен әлеуметтік инфрақұрылымын ;
  12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайларында жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігін ескереді.
  1. Жұмыс берушілер  белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген мүгедектерді жұмысқа қабылдайды, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олармен еңбек шарттарын жасасады.

30-1. Жұмыссызды квота бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыс берушіге жіберген кезде, жұмыс беруші жұмысқа қабылдамаған жағдайда себебін жазбаша түрде көрсетеді.

  1. Жұмыс кезеңі ағымдағы айда кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайтын еңбек шартының жасалуымен расталатын, жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа орналастыруы квотаның орындалғаны деп есептеледі.
  2. Квота арқылы жұмысқа орналасқан жұмысшыны жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босату үшін міндетті түрде жұмыспен қамту органының хабарламасы болу керек.

 

6. Квоталаудың сақталуын бақылау

  1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына квоталанатын жұмыс орындарының толықтырылуы туралы мәліметтер ұсынады.
  2. Квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толықтырылуына мониторингті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
  3. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
  4. Жұмыс берушілердің жергілікті атқарушы органдар қабылдаған Қағидаларда белгіленген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

20    жылғы «    »            .

№       қаулысымен

бекітілген

Жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидаларына

1-қосымша

 

Өндірістегі еңбек сипаты және еңбек жағдайлары туралы мәліметтер

1. Т.А.Ә.____________________________________________________________

2. Туған күні __.___.______ ж.

3. Ұйымның атауы  ___________________________________________________

____________________________________________________________________

4. Кәсіп, лауазым, мамандық ___________________________________________

5. Тарифтік разряд, санат ______________________________________________

6. Еңбекті ұйымдастыру нысаны: (еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, жұмыс ауысымдығы, жұмыс күнінің ұзақтығы, іссапарлардың болуы, еңбек пен демалыс режимі)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

7. Функционалдық міндеттер:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

8. Еңбек жағдайлары (жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы, зиянды өндірістік факторлардың болуы) _________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

9. Ұтымды жұмысқа орналасу мүмкіндігі ________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Күні 20___ жылғы «____» ________

                

Т.А.Ә. __________________________   _________________

                                       басшы                                 (қолы)

М.О.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

20    жылғы «    »            .

№       қаулысымен

бекітілген

Жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидаларына

2-қосымша

 

Оларды меңгеру мүгедектерге өңірлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға азғана мүмкіндік беретін

Жұмысшылар мен қызметшілердің басымды кәсіптерінің тізбесі

 

1. Ине-платина бұйымдарының автоматшысы

2. Картонажды өндіріс автоматшысы

3. Агент

4. Мұрағатшы

5. Монша қызметшісі

6. Кітапханашы

7. Бухгалтер

8. Видеотекарь

9. Таразылаушы

10. Таразылаушы-есептеуші

11. Кесте тігуші <*>

12. Схемалық жгуттарды, кабельдер мен бауларды тоқушы

13. Гравер <*>

14. Градуировшы

15. Іс жүргізуші

16. Витриналардың декораторы

17. Диспетчер

18. Жеткiзушi-ысқылаушы

19. Дозиметрист

20. Суретші

21. Киім пішуші

22. Дайындаушы <*>

23. Өлшеуші <*>

24. Инспектор

25. Киномеханик

26. Мәдени ұйымдастырушы

27. Кілем тоқушы

28. Кондитерші

29. Контролер <*>

30. Концертмейстер

31. Жинақтаушы <*>

32. Шілтер тоқушы

33. Зертханашы <*>

34. Лектор (экскурсовод)

35. Пластмасса құюшы

36. Лифтер

37. Маникюрша

38. Массаж жөніндегі медбике

39. Медицинадағы тіркеуші

40. Радиоэлектрондық аппаратуралар мен аспаптарды монтаждаушы

41. Басып теретін машиналардың терушісі

42. Салық инспекторы

43. Ораушы <*>

44. Алмастарды сыдырушы

45. Өңдеуші <*>

46. Алмастарды бриллиант етіп қырлаушы

47. Аяқ киім жөндеуші <*>

48. Көгалдандырушы

49. Акустикалық сынақтардың операторы

50. Жанар-жағармай станцияларының операторы

51. Жылу беру пунктерінің операторы

52. Диспетчерлік қызмет операторы

53. Лифтілердегі диспетчерлік қызмет жөніндегі оператор

54. Электрондық-есептеуіш және есептеуіш машиналардың операторы

55. Банк операторы

56. Саяхаттарды ұйымдастырушы

57. Аспазшы

58. Портье

59. Суреттерді аударушы

60. Циферблаттарды басып шығарушы

61. Түптеуші (құжаттарды)

62. Пішіп тігуші

63. Тапсырыстарды қабылдаушы

64. Пластмассадан жасалған бұйымдарды престеуші

65. Бағдарламашы

66. Радиотелевизиялық аппаратураны күтіп қару және жөндеу жөніндегі радиомеханик

67. Жұмыстарды бөлуші

68. Алмастарды жарушы

69. Кесуші <*>

70. Респираторлар мен газтұтқыштарды жөндеуші

71. Ретушер

72. Үйірменің (ұжымның, секцияның) жетекшісі

73. Бағбаншы

74. Құрастырушы <*>

75. Шаруа бикесі

76. Хатшы (машинистка)

77. Пластмассадан жасалған көзілдірік оправаларын  желімдеуші-бояушы

78. Механикалық құрастыру жұмыстарының слесары

79. Құрастырушы слесарь <*>

80. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь <*>

81. Статистик

82. жестяно-баночного оборудования Станочник

83. Ағаш ұстасы

84. Мұражай қараушысы

85. Сұрыптаушы <*>

86. Күзетші (вахтер)

87. Суфлер

88. Есеп жүргізуші

89. Баға қоюшы

90. Топограф

91. Мұғалім

92. Бұйымдарды буып-түюші <*>

93. Бөліп өлшеуші

94. Фильмотекарь

95. Фонотекарь

96. Фототекарь

97. Фотограф

98. Қор сақтаушысы

99. Суретші <*>

100. Гүл өсіруші

101. Сағат жөндеуші <*>

102. Сызушы

103. Сызушы-конструктор

104. Тігінші

105. Штампылаушы

106. Экспедитор

107. Электромонтаждаушы <*>

108. Зергер <*>

109. Заңгер

Ескертпе. Мүгедектерді оқытқан кезде оқу орындарының барлық түрінде оқуға қабылдауға медициналық нұсқаулар мен қарсы айғақтар және МӘС ұсынымдары сақталуға тиіс.   

<*> - кәсіптер тобының атауы.

Бөлімдер:
23 шілде, 2014 - 19:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші