A A A
Мазмұнына өту

You are here

стандарттардағы қарама қайшылықтар

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  9 тармағының 5 тармақшасында қызмет алушыдан медициналық карта талап етілген. Алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысымен бекітілген  Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартынының 12 тармағында қызмет алушыдан медициналық карта талап етілмеген. Алдағы уақытта осы көрсетілген стандарттардың қайсысын басшылыққа алатынымызды нақтылап берсеңіз, немесе медициналық карта уәкілетті органда қалады ма?

    "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" КММ ұжымы

Жауап: 

Жауап:

 

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне осы қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта кіреді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес қызмет көрсету үшін уәкілетті органмен үйде қызмет көрсету ұйымына медициналық картаның  ұсынылуы қарастырылмаған.

Алайда, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады (негіздеме: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» № 213 Заңы).

Осыған байланысты, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет медициналық картаны ұсыну негізінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына ескертулер мен ұсыныстар еңгізу бойынша Жобасы әзірленген, оның ішінде үйде қызмет көрсету ұйымына қызмет алушыларды қабылдау жүргізілетін құжаттар тізбесінде медициналық карта қарастырылған.

 

 

Орын. Ш.Олжабаева

74-33-50

 

 

Сұрақтың нөмірі: 312443
27 тамыз, 2014 - 09:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші