A A A
Мазмұнына өту

You are here

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (өз бетінше 3 мың теңге табыс тапқан өтінішін ұсынған) тағайындауға бола ма?

Сұрақ тақырыбы: 

Қостанай облысының «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мына төмендегі сұрақтар бойынша түсінік беруді сұрайды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 тарауының 90 бөлігінде әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың  еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды деп көрсетілген.

Жоғарыда айтылған қаулының Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесiнің 5 тарауының 19 бөлігінің 4 бөлімшесі және 21 бөлігінде Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін жиынтық табысты есептеу кезiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады және Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады делінген.

Осыған орай, сұрақ: Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (өз бетінше 3 мың теңге табыс тапқан өтінішін ұсынған) тағайындауға бола ма?

Жауап: 

Жауап:

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау үшін табыс мөлшерін анықтау сауалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу» Ережесімен реттеледі.

Ереженің 19 тармағына сәйкес жиынтық табысты есептеу кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

Осыған орай, Ереженің 21 тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтініште көрсетілген мөлшерінде есептеледі.

 

 

С. Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 312704
10 қыркүйек, 2014 - 18:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші