A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бала 1 жасқа толғанға дейінгі төлемақы туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! Мен Хабиденова Гүлімжан ИНН:860303400795 Мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын.Қазір декреттік демалысқа шығып отырмын.2012 жылдың 17 желтоқсанында төртінші балалы болып декретте болған едім.2013жылдың 10 сәуірінен бастап жұмысқа шықтым. Алдағы уақытта босанып балалы болған жағдайда балам жасқа толғанша  маған жұмыс орнымнан 40% мөлшерде ақша төлене ме? Себебі жұмыс жасаған уақытым 24 ай болмай отыр.Өзімнің еңбек өтілім 4 жыл.Жауаптарыңызды күтем.

Жауап: 

Жауабы: Сәләмәтсіз ба, Гүлімжан!

 

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері

1. 1 сәуір 2014 жылдан бастап бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 31,40 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші балаға – 5,76 АЕК, екінші балаға - 6,81 АЕК, үшінші балаға – 7,85 АЕК,  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК.

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметтерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

Орынд.: Қ. Суханова

74 35 42

Сұрақтың нөмірі: 312924
5 қыркүйек, 2014 - 10:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші