check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтады.

2008 жылы Конвенцияның ратификациясына жағдай жасау мақсатында әзірленген мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына және оған Факультативтік хаттамаға қол қоя отырып, өзіне мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты халықаралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттеме алған болатын.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінде, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында талқыланды.

Талқылау барысында Министрлікке қолданыстағы заңнаманы қолжетімді орта қалыптастыру, оңалту құралдарының сапасын арттыру, қоғамдық ұйымдарды қолдау және т.б. бөлігін жетілдіру жөнінде 40-тан астам ұсыныс түсті, оның ішінде 20-ға жуығы қолдау тапты.

Заң жобасында:

- «қолжетімді орта», «қоғамдық орын», «халықтың баяу қимылдайтын топтары», «сурдоаударма» сияқты жаңа ұғымдар енгізу;

- қолжетімді нысанда қызмет алуға құқықтарын кеңейту, қылмыстық процеске қатысуда, қызмет көрсетуде кемсітпеушілікті енгізу;

- мүгедектерге берілетін тұрғын үй-жайларды жабдықтау бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту ұсынылғанын атап өткен жөн.

Заң жобасының тұжырымдамасы 2013 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссиясының заң жобалау жөніндегі отырысында қабылданды, Заң жобасын Үкіметке енгізу а.ж. қазан айына көзделген.

 

29 тамыз, 2014 - 10:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші