A A A
Мазмұнына өту

You are here

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуыма болады ма?

Сұрақ тақырыбы: 

Менің  18 жасқа дейінгі 4 балам бар, кішісі 3-ке толмаған, жолдасым өзін-өзі жұмыспен қамтып,қосымша кіріс табады, жұмыссыз есебінде ресми тіркелмеген.Маған 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуыма болады ма?

Жауап: 

Жауабы:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері 1 сәуір 2014 жылдан бастап 4,16 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын: Е. Ергеш

Сұрақтың нөмірі: 313535
9 қыркүйек, 2014 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші