check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бүгін Орталық коммуникациясы кызметінде халықаралық қарттар күніне арналған брифинг өтті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице – министрі Светлана Жақыпованың, ҚР ДСӘДМ әлеуметтік  көмек департаментінің директоры Арман Омірбаевтың және «Ардагер» қоғамдық одақтастықтың президенті Баян Ахметжанованың қатысуымен бүгін Орталық коммуникациясы кызметінде  халықаралық қарттар күніне арналған  брифинг өтті.

 БҰҰ Бас ассамблеясымен 1990 жылдың 14 желтоқсанында  Халықаралық қарттар күні жария етілді. Әлемде айсайын 60 жас жастық шегіне миллиондаған адам  жетеді екен. БҰҰ болжауы бойынша, 2025 жылда осы жастағы және ұлғайған адамдар саны 1,1 миллиардтан асады екен.

 Біздің республикада әр он адам қарттық жасқа жеткен – Қазақстанда  1,7 млн. қарт адам тұрады. 2014 жылы зейнеткерлік және әлеуметтік төлемақыларға 1,2 трлн. теңге қарастырылған.

 Қазақстанда қарт жасындағыларды әлеуметтік қамтамасыз етудің аралас жүйесі қалыптасқан, оған зейнеткерлікті қамтамасыз ету, мүгедегіне байланысты, асыраушысынан айрылу және жасына байланысты  мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы; арнайы мемлекеттік жәрдемақы, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмекті ұсыну жүйесі кіреді.

 Қазіргі уақытта қарт азаматтардың (Кеңес Одағының және социалістік еңбек қаһармандары, Даңқ ордендері, 3-деңгейдегі Еңбек даңқы иегелері,соғыс қатысушылары және оған теңестірілген тұлғалар және мүгедектер, қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасылары, қайтыс болған соғыс мүгедектердің әйелдері, соғыс тыл еңбекшілері, саяси құғыннан зардап шеккен тұлғалар, барлық топтағы мүгедектер, ерекше еңбегіне бағаланған зейнеткерлер, көп балалы аналар) 20 санатының 1 млн. адам саны арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алады.  Зейнеткер жасындағы күнкөрісі төмен азаматтарға Түрғын-үй шаруашылығы қызметінің шығындарын өтеу мақсатта тұрғын үй жәрдемақылары төленеді.

 Республиканың барлық емханаларында қарт адамдарға бөлек тіркеу ұйымдастырылған, күту залы, онда күту үшін барлық жағдайлар құрылған (салауатты өмір сүру туралы жарнама роликтері, күнделікті жаналықтарды көруге телевизор, ыстық шай және т.б.). Қарт адамдарға емханаларда саралауды жүргізуге бөлек қабылдау, (мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға) саралауды үйде қабылдау ұйымдастырылған. 2010 жылдың сәуірінен геронтологтар лауазымы штаттық нормативте қарастырылған.

 Медициналық көрсеткіштері бойынша  мүгедек болған қарт жастағы адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық құралдар) және жүруге арнайы құралдар, протез-ортопедиялық және есту –протездік көмегі, қажетті тифлоқұралдар, санаторлық – курорттық емделу мемлекет есебінен ұсынылады.Елімізде жалғыз басты қарт адамдарға және еңбекке қабілетін жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік жәрдем бөлімшелер жүйесі құрылған, оларда 34 862 адам қызмет етеді. Бұдан басқа, толық немесе ішінара өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын тұлғалар стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайларда  медициналық және бейімделу қызмет көрсетулерді алады, немесе интернат – үйлерде толық мемлекеттік қамтамасыз етіледі. Республикада 49 мемлекеттік стационарлық медициналық – әлеуметтік мекемелер есепте, оларда 7 242 адам тұрады.

Қазіргі уақытта республикада 5440 соғыс мүгедектері және қатысушылары тұрады. 2015 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен Ұлы Отан соғысы  жеңісінің 70-жылдығына ардагерлерді марапаттау және материалдық қолдау көрсету үшін 5,7 млрд. бөлінді. Соғыс ардагерлерге  және тыл еңбекшілеріне біруақыттылы материалдық көмек көрсетіледі, Қазақстан  және ТМД елдері аумағы бойынша авиа- темір жол транспортарына өтемақысыз жол жүру, сондай-ақ, мерейтой күндері мерекелеріне арналған шараларға қатысуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Қарттар күні қарсаңында республиканың барлық өңірлерінде «Әлеуметтік көмек айы» атты жоспарлар бекітіліп, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қайырымдылық акциялар, еңбек ұжымдарында кездесулер, медициналық-әлеуметтік ұйымдар мен қарттар үйлеріне бару, қарттарға әлеуметтік көмек көрсету сияқты іс-шаралары ұйымдастырылуда.

 

1 қазан, 2014 - 18:04 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші