A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек кітапшасында жазбаның дұрыс жазылмағандығының салдарынан зейнетақыны тағайындауда қиындықтардың туындауы

Салематсыз ба! Сіздерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.

1) Еңбек кітапшасын зейнетақы тағайындайтын мекеме сұратқаны дұрыс па? Еңбек кітапшасының қажеттілігі қанша, егер 3 жылдық табысы туралы анықтама болса? Еңбек кітапшасын жүргізу міндетті емес деген жаңа заң шықты деп естілген еді, сол рас па екен?

2) Анам зейнетақы жасына келип отыр, яғни 23.11.2014 ж. бастап зейнетақы тағайындалу керек.  Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты елді мекенде медицина саласында жұмыс жасап келе жатыр, алайда аудандағы кадр маманының өз жұмысына салғырт қарауына байланысты, еңбек кітапшасы дұрыс толтырылмаған, яғни 2008 жылдан бері жазба жоқ. Кадр маманының айтуынша, мен жұмысқа 2010 ж. кірдім, оған дейінгі жазбалардың жазылмағанына мен жауап бермеймін, архивтен бұйрықты көтеріп, өзіңіз жұмыс жасап отырған ауылдық аурухананың басшысына жаздырыңыз дейді. Бұл айтылған сөздерден мынадай сұрақтар туындап отыр:а) Егер ол 2010 жылы жұмысқа кірсе, неге сол жылдан бері еңбек кітапшасын ашып қарап, жазбаның жоктығын қадағаламайды; б) сол архивтен алдырған бұйрықтың көшірмесімен өзі неге толтырмайды, неге менің мамам соның бәріне өзі жүру керек;

3) Осы зейнетақы тағайындайтын мекеменің туу туралы куәлік сұратуы дұрыс па? Жалпы қандай құжаттар керек зейнетақы тағайындау үшін? Осы Атырада пайдасыз құжаттарды көп сұратады, әйтеуір максималды зейнетақы тағайындатпау үшін...........

Алдын-ала рахмет. Қойылған сұрақтарыма қанағаттанарлықтай жауап аламын деп үміттенемін.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметі бар құжат. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбаны енгізуге міндетті.

 Қолданыстағы зейнетақы заңнама бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.

 Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен белгiленедi.

      Заң бойынша әйелдер зейнеткерлікке шыққанда балаларының туу туралы куәліктері стажды есептегенде қажет болады, алайда  жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт саналады.

   Сонымен бірге, арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық/қалалық бөлімшесіне қажетті құжаттарын арызбен қоса тапсыруы қажет.

  Қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысымен бекітілген (негіздеме: «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы»).

Орынд. С. Шәмшікен

Сұрақтың нөмірі: 317430
28 қараша, 2014 - 10:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші