check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Жоба

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат;  № 5, 30-құжат; № 11,  56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10,  55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат;  № 23, 139, 140-құжаттар; № 24,153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9,  26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14,  58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2,  19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат;  № 11, 55-құжат;  № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15,  92, 95-құжаттар;  № 16,  98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4,  28,  33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат;   № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17,  136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат;  № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14,  54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20,  88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75,  76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжат; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2,  19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3,  32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2,  9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3,  21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат;  № 10, 77-құжат; № 12,  84, 85-құжаттар; № 13,  91-құжат; № 14,  92, 93,  94-құжаттар;  № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,    № 1, 2, 3-құжаттар; № 2,  10, 11, 13-құжаттар; № 4,  21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар;  № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014  ж., № 1,  6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7,  37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

396-баптың 1, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз  тартуы немесе өз бетінше жұмысқа орналасу үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалары не жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –

4. Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын кезде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –,                  – ».

2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат;  № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5,  41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат;    № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78,  81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; №11, 67-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жергілікті атқарушы органның рұқсатын не шетелдік қызметкер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алғанға дейін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;

2) 29-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінің ережелері шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерге жергілікті атқарушы органның рұқсаттары мен халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік қызметкерлерге  еңбек қызметін жүзеге асыру және шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.»;

3) мынадай мазмұндағы 222-бап 1-1-тармағымен толықтырылсын:

«1-1. Мүгедектермен жасасқан еңбек шартында олардың жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жұмыс орындарының жабдықтары жөнінде жағдайлары  болуы тиіс.»;

4) 330-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қон заңнамасымен белгіленген шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтау нысанына тексеру жүргізуге;»;

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І; 222-ІІ,м 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14,  63-құжат;                № 15-16, 74-құжат; № 17,82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146,149-құжаттар; 2011 ж. №1, 2, 3-құжат; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4,                   37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат, № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат;                       № 21,161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат;  № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар;  № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43,                       44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11,  80-құжат; № 13,               91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22,                     124-құжат; № 23-24, 125-құжат;  2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар;              № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11,             56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16,             83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2104 ж., № 1,                 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы                    10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1)    55-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы  абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін алымдар.»;

2) мынадай мазмұндағы 68-2-тараумен толықтырылсын:

«68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін алым»

476-5- бап. Жалпы ережелер

1.       Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін алым (бұдан әрі – алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қоны туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат)  беру не ұзарту туралы шешім қабылдау туралы хабарлама алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей рұқсат алған және ұзартқан заңды тұлға орналасқан жер бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

476-6-бап. Алым төлеушілер

1.  Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алатын немесе ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

 2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен айқындалған жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.

476-7-бап . Алым ставкалары

Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

476-8-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген  ставкалар бойынша  есептеледі  және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алғанға немесе  ұзартқанға дейін жергілікті атқарушы орган орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2. Рұқсат алудан немесе ұзартудан алымдар төлеген адамдар бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төлеген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді. 

Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша көрсетілген адамға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген рұқсат берілмегенін растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін осы Кодекстік 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оларды төлеген жері  бойынша салық салу органы жүргізеді.».

4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы                     20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж.,  № 52, 636-құжат;                      1995 ж., № 19,  117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж.,              № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9,  51-құжат, № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы                        9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 16-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде тұру мерзіміне тәуелсіз тұрақты тұратын оралмандар;».

2) 17-бапта:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтінішпен жүгінгенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;»;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтінішпен жүгінгенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет (екі және оданда көп) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;»;

3) 30-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және қалпына келтіру мәселелері бойынша қолдаухаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу, жоғалту және азаматтығына жатуын айқындау тәртібін бекітеді.»;

5. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы                              19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж.,               № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж.,      № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат;  № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24,               116-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.

Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі. Мемлекеттік шекараны өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен артық Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсат алуға және  тіркеу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.»;

2)    9-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және сондай міндетте болады.»;

3) 22-баптың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы адамдар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.».

6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8; 84-құжат, 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж.,    № 15-16, 228-құжат; 2002 ж, № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат;   2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат;      2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат, 129; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат;       № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72,  75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 2-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;»;

2) 67-баптың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға да беріледі.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға тұрғын үй берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы болып табылады.»;

3) 109-баптың  1-тармағы мынадай  редакцияда жазылсын:

«1. Қызметтік тұрғын үйлер өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.»;

4) 109-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үй берілген адамдар, егер қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.»;

5) 110-баптың  2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардын қоныстандыруға арналып берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71-74, 90, 93 және 95-баптары қолданылмайды.»;

7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8,                19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат;                 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат;              № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат;                    № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат;              2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1,            3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»;

20) тармақша алып тасталсын;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат етілетін  шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;»;

мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2), 24-3) 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:

«24-1) ішкі корпоративтік ауысу – еңбек қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан және жұмыс істейтін бас кәсіпорында, филиалда, еншілес ұйымда немесе шетелдік заңды тұлғаның өкілдігінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған осы заңды тұлғаның филиалдарында, еншілес ұйымдарында, өкілдіктерінде эквилантты лауазымда жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін басшы, менеджер немесе маман лауазымында кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар және ішкі корпоративтік ауысу туралы жазбаша келісімге сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған экономиканың басым салаларында әрекет жасайтын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша ауыстыру;

24-2) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – Қазақстан Республикасына экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін  халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын біліктілік пен білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін шетелдік қызметкерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін белгіленген нысандағы құжат;

24-3) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық базасы – рұқсаттарды, анықтамаларды тіркеуге, беруге,  жұмыс берушілер тартатын немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін өз бетінше келетін шетелдік қызметкерлерге мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

27) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

28) кәсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кәсіптік өзін-өзі айқындауда, жұмыспен қамтылудың оңтайлы түрін, кәсіптік оқу және жұмысқа орналасу орнын таңдауда жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені.»;  

2) 2-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер.

Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жұмыспен қамту саласындағы орталық атқарушы органның келісімі бойынша бекітеді;»;

4), 5) тармақшалар алып тасталсын:

3) 4-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен келісілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізу.»;

4) 5-1-бапта:

мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2)  тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлудің тәртібі мен мерзімін бекітеді;

8-2) шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар қолданылмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізбесін бекітеді;»;

5) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-12), 9-13), 9-14),                    9-15) тармақшалармен толықтырылсын:

«9-12) Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-13) Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-14) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шаттарын бекітеді;

9-15) шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, басым салалар (экономикалық қызмет түрлерін) және шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін сұранысқа ие олардағы кәсіптердің тізбесін бекітеді.»;

6) 7-баптың 5-1) 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде  жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және оны ұзарту, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындарының жалпы санының екіден төрт процентіне дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;»;

7) 8-бапта:

мынадай мазмұндағы 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-3) мүгедектерді кәсіптік бағдарлау, даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін  арттыру және жұмыспен қамту бойынша мемлекет ұсынатын шаралар туралы хабардар етуге;

7-4) мүгедектерге жұмыспен қамту орталықтарында көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге, анықтаманың қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) азаматтың жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға тіркеу орны бойынша тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынуға;»;

8) 9-бапта:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау орталық атқарушы орган айқындайтын шарттармен және тәртіппен жүзеге асырылады.»;

9) 10-баптың 4-тармағының екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне қызметкердің атына кепілді жарна енгізу жолымен шарт мерзімі өткен соң кейін қызметкердің өз еліне оралуына кепілдік берілген кезде ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілді жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.»;

10) 11-бапта:

1-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды:»;

алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы  он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын, құны 2 миллионнан артық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жобалары бар заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер ретінде тартылған ұйымдарда арнайы экономикалық аймақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органның және мүдделі орталық мемлекеттік органның өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар тізбесіне және адамдар санына сәйкес объекті (объектілері) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі кезеңде жұмыс істейтін;

Қазақстан Республикасының Үкіметі талантты шетелдіктерге бөлген грант бойынша жоғары оқу орындары және жоғары оқу орнынан кейінгі  ұйымдарда оқуын аяқтағаннан кейін жұмыс істейтін;   

экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота  экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына шаққанда процентпен белгіленеді, онда:

экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған квота;

Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және көшіп-қонушы еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы  ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған квота;

еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота қамтылған.

1-2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны орталық атқарушы орган  алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың болжамын және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің  ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді. 

1-3. Орталық атқарушы орган «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді.

«Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі:

өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік қызметкерлердің, шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілердің өтініштерін тіркеу;

өз бетінше жұмысқа орналасу үшін рұқсаттарды және біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды автоматтандырылған түрде беру;

рұқсаттарды беруге, жұмыс берушілер тартатын және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік қызметкерлердің біліктілігінің сәйкестігіне мониторинг үшін арналған.

«Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесінде:

басым салалар (экономикалық қызмет түрлері) және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін ондағы сұранысқа ие кәсіптер туралы;

өз бетінше жұмысқа орналасу үшін өтініш берген және біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алған Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлер туралы;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота және қызметкерлердің санаты бөлінісінде шетелдік жұмыс күшін тарту үшін алым ставкалары туралы;

жұмыс берушілер тартқан шетелдік қызметкерлердің саны туралы;

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған, сондай-ақ осындай рұқсатты беруден не ұзартудан бас тартылған жұмыс берушілер туралы; 

ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде тартылған қызметкерлер туралы ақпарат қамтылған.»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар береді және оларды ұзартады не рұқсаттар беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.»;

мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9,                                  2-10-тармақтармен толықтырылсын:

«2-2. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мерзімдерге және орталық атқарушы орган белгілеген құжаттарды ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген алымдарды төлеген кезде беріледі және ұзартылады.

Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруге және (немесе) ұзартуға алым төлеу бөлігіндегі ережесі ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

2-3. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді және ұзартуды жергілікті  атқарушы орган  халыққа қызмет көрсету орталықтары не рұқсат берудің және хабарлаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады. 

2-4. Жұмыс беруші тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлардың санына шаққан процентке сәйкес болуға тиіс. 

2-5. Квота шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (жұмыс өтілі) кәсіби стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшыларға және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің кәсіптеріне қойылатын біліктілік талаптарға жауап беруге тиіс.

2-6. Шетелдік қызметкерлер экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлері бойынша) сұранысқа ие кәсіптерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасында бола алады.

Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін орталық атқарушы орган  алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың болжамын және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің  ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады. 

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алу үшін шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішін, оны орталық атқарушы органына жөнелту үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне береді.

Шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алу үшін Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу  туралы өтінішпен халықты қызмет көрсету орталықтары арқылы орталық атқарушы органға жүгінеді.

Өз бетінше жұмысқа тұру үшін  анықтама беру тәртібін және шетелдік қызметкерлердің  біліктілігі мен білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ басым салалар (экономикалық қызмет түрлері) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.

2-7. Ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде шетелдік қызметкерлерді жұмысқа тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына кіргеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде: 

1) олар ауысатын ұйым мен елдің санын, атауын;

2) олардың тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде);

3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;

4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпарат береді.

2-8. Ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ауысқан шетелдік қызметкерлер болу мақсатына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім өткен соң елден кетуге міндетті.

2-9. Ішкі корпоративтік ауысу  орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына шетелдік қызметкерлердің санының проценттік қатынасын сақтай отырып, жүзеге асырылады.

2-10. Жергілікті атқарушы органдар:

1) инвестициялық басым жобалар шеңберінде тартылған, жұмыс берушілер квота шеңберінде тартқан, өз бетінше жұмысқа орналасқан, ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік  қызметкерлерді есепке алады;

2) ай сайын, айдың 10-күніне дейін  шетелдік қызметкерлер туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органға хабарлайды.»;

3, 4-тармақтар алып тасталсын;

11) 14-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар  жұмысынан айрылған жағдайға әлеуметтік төлем.»;

12) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жоғарыда аталған мәліметтерді жасырған немесе көрінеу жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсынған жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.»;

13) мынадай мазмұндағы 17-1 баппен толықтырылсын:

«17-1 бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлем

1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ол жұмысынан айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеуге жүгінген күннен бастап тағайындалады.

2. Жұмысынан айырылған жағдайға төлем тағайындау тәртібі мен тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»;

14) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін жұмыс мүгедек үшін қолайлы деп есептеледі, оны жүзеге асыру үшін олардың тыныс-тіршілігінің шектелуін ескере отырып, физикалық қолжетімділік қамтамасыз етілген.»;

15) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:

«5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілерге жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу шығындары мемлекеттік бюджеттен субсидия беру арқылы өтеледі.

6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;

16) 18-2-бапты мынадай мазмұндағы  4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;

17) 20-1-бапта 2, 3, 6-тармақтары алып тасталсын;

18) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.».

8. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы                       17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10 (2587), 86-құжат):

1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»;

9. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж.,             № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат;     № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21-22, 115-құжат, 2014 ж., №1,             4-құжат):

31-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес жұмыс орындарының жалпы санының екіден төрт процентіне дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;».

10. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20,      151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат;  № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар;  № 15, 81-құжат; 2014ж., №1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«37) қабылдау квотасы – I, II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл жастары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушылар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, шетелдіктерді, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;»;

2) 4-бап мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға келген таланты шетелдіктер үшін мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде орындар бөлу туралы қағидасын бекітеді.»;

3) 8-баптың 2-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»;

5) 26-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толық:

«6) Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған өңірлерге қоныс аударған азаматтар үшін.»

6) 47-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасымен белгіленген квота шегінде педагогтік, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқуға түскен қоныс аударған азаматтар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.».

11. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,  2011 ж., № 15, 119-құжат):

28-бап алып тасталсын.

12. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,  2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15,            97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан»  және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

10-1), 12), 13) 14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1) қабылдаушы адам – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы  өтініш жасайтын және (немесе) олардың тұруы үшін орын ұсынатын Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп қонушы;

13) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғанға кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

14) этникалық қазақтар (оралмандар) туралы ақпараттық деректер базасы – этникалық қазақтар (оралмандар) мен олардың отбасы мүшелері, оларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қоныстандыру туралы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;

15) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандардың, олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ оралман мәртебесін алудан үміткер этникалық қазақтардың уақытша тұруына және оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым өңірлерге  тұрақты тұру үшін келетін оралмандардың отбасыларының шекті саны;»;   

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат етілетін  шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;»;

мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

«23-1) ішкі корпоративтік ауысу – еңбек қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан және жұмыс істейтін бас кәсіпорында, филиалда, еншілес ұйымда немесе шетелдік заңды тұлғаның өкілдігінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған осы заңды тұлғаның филиалдарында, еншілес ұйымдарында, өкілдіктерінде эквилантты лауазымда жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін басшы, менеджер немесе маман лауазымында кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар және ішкі корпоративтік ауысу туралы жазбаша келісімге сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған экономиканың басым салаларында әрекет жасайтын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша ауыстыру;»;

24) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

«24-1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – Қазақстан Республикасына экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін  халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын біліктілік пен білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін шетелдік қызметкерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін белгіленген нысандағы құжат;»;

26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26) ішкі көшіп қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында  Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;»;

27) тармақша алып тасталсын;

2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік шекараны өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен артық Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсат алуға міндетті.»;

Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы адамның  ақпараты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы адамдар оларға келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.»;

3) 7-бапта:

7-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға рұқсат алу»;

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінеді.

Қазақстан Республикасына тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ берілген визаның санатына қарамастан этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді, мыналарды қоспағанда:»;

1)    тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік ауысу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмек алып жүру, келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу, аудиторлық және консультативтік қызмет көрсету мақсатымен, сондай-ақ іссапарға келушілер;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) діни және (немесе) миссионерлік  қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер болып табылмайды.»;

4) 8-бапта:

3) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын айқындайды;»;

8) тармақша алып тасталсын;

5) 9-бапта:

2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы адамдардың оларда болатын көшіп келушілер туралы ақпаратты ұсыну, көші-қон карточкаларын беру және шығару, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу тәртібін, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;»;

6) 10-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар береді, ұзартады және жояды;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасына өз еркімен келгісі келетін этникалық қазақтарды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде келу шарттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары және әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар етеді;»

мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініш берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визалар ресімдейді;

5-2) Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ ұзарту және олардың қолданылу мерзімдерін қысқарту тәртібін айқындайды;»;

7) 11-бапта:

4),  4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;

мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-2) оралмандарды қабылдаудың ортамерзімдік кезеңге және алдағы жылға арналған  өңірлік квотасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4-3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыруға мониторинг жүргізеді;

4-4) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын бөледі;

4-5) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана арасында бөледі;»;

мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) Шетелдік қызметкерлердің орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық порталын құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;

5-2) шетелдік қызметкерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама береді;

9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;»;

8) 15-бапта:

1-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өңірді оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін басым өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;»;

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:

6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішті қажетті құжаттармен қоса қабылдайды;

6-2) этникалық қазақтардан оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті қажетті құжаттармен қоса қабылдайды;

6-3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;

6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;»;

8), 9)  тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) оралман куәлігін береді;

9) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және қызметін ұйымдастырады;»;

12) тармақша алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

9) мынадай мазмұндағы  17-1-баппен толықтырылсын:

«17-бап. Оралмандардың санаттары

 Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:

1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;

2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұратын оралмандар.»;

10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Оралман мәртебесін беруге және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы және/немесе оралман мәртебесін беру туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдарға  халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы береді. 

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беру  және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.»;

11) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

«19-1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы

1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен этникалық қазақтардан және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін оралмандардан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгізеді.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге және алдағы жылға белгілейді.

3. Қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

12)  мынадай мазмұндағы 19-2-баппен толықтырылсын:

«19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия

1. Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы жергілікті атқарушы органдар Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде комиссиялар құрады. Комиссияның құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.  

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;

13) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтініш  жасаған этникалық қазақтарға оралмандарды қабылдау квотасына енгізу және/немесе  оралман мәртебесін беру 

1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері үміткерлерден оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оралман мәртебесін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдайды және  оларды тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және (немесе) оралман мәртебесін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш жасаған үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде,  мұндай жазба болмаған кезде үміткердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.

3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісу және/немесе оралман мәртебесін беру не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісу туралы не негізделген дәлелді себептерімен одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді. 

Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оралман мәртебесін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш жасаған үміткердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар туралы өзге де ақпараттың бары не жоғы тұрғысынан тексеру үшін тиісті өңірлердің ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдары этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оралман мәртебесін беруге кедергі келтіретін, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға жібереді.

Жергілікті атқарушы органдар:

тиісті органдардың ақпараттары келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оралман мәртебесін беру алдын ала келісім беру не бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен бас тарту туралы шешім қабылдайды;

Комиссия шешім қабылдаған соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру және/немесе оған оралман мәртебесін беру немесе бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен одан бас тарту туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселесі жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. 

4. Үміткер осы Заңның 1-бабы 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде  этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оған оралман мәртебесін беруге келісім беріледі.

Мынадай реттегі этникалық қазақтар: 

1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша тәжірибесі бар адамдар;

2) көп балалы отбасылар;

3) жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар кәмелет жасқа толған жастар;

4) саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақсыз елдерден келген адамдар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуде басымдықты иеленеді.

5. Халықтың көші-қоны мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе оған оралман мәртебесін беру бойынша келісімін өтініш берушіге жеткізу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жібереді.

6. Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе оған оралман мәртебесін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы келісім алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ол келіп түскен күннен бастап үш айдан аспауға тиіс. 

7. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе оған оралман мәртебесін беру бойынша келісімін алғаннан кейін оны бір айдың ішінде өтініш берушіге жібереді, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келуге виза береді не бас тартылғаны туралы хабарлайды.

8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған  шешімін ескере отырып, жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін оралмандардың тізімін Комиссияға жібереді. 

9. Этникалық қазақ тұратын жеріне келуі және оралман мәртебесін  алуы бойынша тұрақты тұруға рұқсат беру үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді. 

Этникалық қазақ халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жергілікті атқарушы органға оралман мәртебесін беруге өтініш бере алады. 

10. Этникалық қазақтың және оның отбасы мүшелерінің ішкі істер органдарына өтініш  жасаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тұрақты тұруға рұқсат алуға және тұратын жері бойынша тіркелуге құқығы бар.

11. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.»;

14) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе оралман мәртебесін беру

«1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақ тұратын жеріне келгеннен кейін жергілікті атқарушы органға оралман мәртебесін беруге және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш береді, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда және оралман мәртебесін алған соң тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.

Этникалық қазақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы органға оралман мәртебесін беру және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті тиісті құжаттармен қоса бере алады.

2. Жергілікті атқарушы орган жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді не дәлелді түрде оралман мәртебесін беруден бас тартады.

Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым өңірлерді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі. 

Үміткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесі беріледі.

3. Оралман мәртебесін алуға үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазу болмаған кезде – олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.

4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және өзге әлеуметтік қолдау түрлерін алуға үміткер бола алады. 

5. Комиссия оралмандардың тізімін алған соң он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру не бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

15) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері

1. Оралманның оралмандарды қабылдау квотасына енгізілгеннен кейін келген отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-аналары Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар оны және оның отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізуге құқығы бар.

3. Егер оралман оның отбасы мүшесінің құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралман отбасының құрамына оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана енгізіледі.

Бұл ретте оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не олар ата-ана құқығынан айрылған жағдайда  оның кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралман  оралманың жұбайы (зайыбы) олардың қамқоршысы (қорғаншысы) болуға міндетті.»;

16) 23-бапта:

23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«23-бап. Этникалық қазақтарға, оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақыларды белгілейді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:

«4-1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және/немесе оларға оралман мәртебесін беруге келісім алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде жеке пайдалану үшін қолданылатын жеке мүлкіне  (көлік құралын қоса алғанда) кеден төлемдерін төлеуден босатылады.

4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген  оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатындарға берілетін  мемлекеттік қолдау шаралары беріледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа алғаш бейімделуге арналған тұтынушылық кредит  және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Оралман немесе оның отбасы мүшесі оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан отбасы мүшелеріне немесе оралманға әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы баптың 4-2-тармағында көрсетілген оралмандар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатындарға берілетін  мемлекеттік қолдау шараларын олармен алған шаралар Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірден тыс жерлерге өзінің ерік қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда  мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.»;

17) 24-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.»;

18) 25-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң;»;

4) тармақша алып тасталсын;

19) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға олардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін қарауға қажетті дәйекті мәліметтерді ұсынуға;»;

20) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдар болып табылатын отбасы мүшелері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдік қызметкерге біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың және жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын квота шегінде және тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асырады.»;

21) 33-баптың1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік және ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіткен тәртіппен айқындалады.»;

22) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шетелдік қызметкерлер:

басымды салалар тізбесі және олардағы сұранысқа ие кәсіптер шеңберінде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

 Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартқан, оның ішінде ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ауыстырылған көшіп келушілер.»;

23) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

24) 36-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Келуге визаны:

1) үш айдан аспайтын мерзімге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге шетелдік қызметкердің біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде;

2) жұмыс берушілер тартқан шетелдік қызметкерлерге жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат негізінде және оның қолданылу мерзіміне;

3) еңбек шарты негізінде және оның қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде келген шетелдік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;

4-тармақ мынада редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік қызметкерлерге келуге визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкердің үш жылдан аспайтын мерзімге еңбек шарты болған кезде ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;

25) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты, шетелдік қызметкерлерге өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және олардың ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде тарту тәртібі.

1. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген квота шеңберінде жергілікті атқарушы органның рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлемеде және тәртіппен алым алынады.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу,  жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру, ұзарту тәртібі мен мерзімдерін  Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді.

2. Ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлер келу мақсатына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзімге сәйкес  елден кетуге міндетті.

Жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнаманың, шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру нормалары ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ауысқан шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.

Ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде экономиканың басым салаларына шетелдік қызметкерлерді тарту тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

3. Шетелдік қызметкерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлеріне) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан артық емес мерзімге, еңбек шартын қолдану мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен алған жағдайда келе алады.

Шетелдік қызметкерлердің біліктілігі мен білім деңгейінің сәйкестігіне анықтама беру тәртібін, сондай ақ басым салалар (экономикалық қызмет түрлері) мен өз бетінше жұмысқа орналасу үшін мамандықтардың тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;

26) 43-баптың 2-тармағының 1) тармақша алып тасталсын;

27) 43-1-баптың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

28) 48-баптың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы адамдар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қабылдаушы адамдардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері қаралмайды.»;

29) 49-бапта:

4), 5)  тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынбаған;

5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық ережесі туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;»;

13-1) тармақша алып тасталсын;

30) 50-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударушылар;»;

31) 51-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу;»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге бес жыл ішінде ерік қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.»;

32) 52, 53-баптар алынып тасталсын:

33)  63-бап мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын

«1. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.»;

13. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына («Казахстанская правда» «Егемен Қазақстан» газеттерінде 20 мамырдағы 2014 жылда жариялаған»):

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының                  Заңына 2-қосымшада бекітілген екінші санаттың рұқсат беру тізбесінде:

331, 332-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және оны жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (іс-әрекет) түрінің атауы

Ескертпе

1

2

3

4

331.

Шетелдік қызметкерге сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігін растайтын анықтамалар беру 

Шетелдік қызметкерге сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамтуға арналған  анықтамалар

 

332.

алып тасталсын

алып тасталсын

 

                                                                                                                ».

2-бап.  Осы Заң:

1) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың                        11-тармағы 16) тармақшасының оныншы абзацын;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың                          1-тармағын, 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларын, 3-тармағын,                  7-тармағының 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 4) тармақшаның төртінші абзацын, 5) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарын, 6) тармақшаның екінші абзацын, 9) тармақшасын,                               10) тармақшасын, 10-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацын,                          2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші абзацын,                               11-тармағын, 12-тармағының 1) тармақшасының он төртінші, он алтыншы абзацтарын, 7) тармақшасының он төртінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 16) тармақшасының оныншы абзацын, 21), 22), 23), 24), 25), 26) тармақшаларын;

3) 2018 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы              8) тармақшаның бесінші абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми  жарияланғаннан

 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

ТіркемеМөлшер
Package icon гос.zip74.54 KB
25 қараша, 2014 - 20:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші