check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан - АИТВ/ЖИТС проблемаларын шешуде озық әдістерді енгізу бойынша Орталық Азияда жетекші елдердің бірі

Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанда жыл сайын қараша-желтоқсан айларында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) алғаш рет бұл күнді 1988 жылы жариялаған болатын. Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні халықаралық қоғамдастықтың індетпен күрестегі ынтымақтастығын көрсетіп, бұл істе ұйымдастыру шараларын нығайтуға ықпал етеді. АИТВ/ЖИТС профилактикасының барлық аспектілері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру, аурудың алдын алу бағдарламаларына қоғамның қолдауын күшейтуге бағытталады. АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Біріккен Бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған ұраны: «Нөлге ұмтылу»: жаңа АИТВ инфекциясы жағдайы  - Нөл. Кемсіту - Нөл. ЖИТС салдарынан өлімге ұшырау - Нөл!». Мақсат АИТВ инфекциясымен күрестегі жетістіктерді дамыту, аурудың әлемде таралуын азайту болып табылады.  

ДДҰ жыл сайынғы есебіне сәйкес, 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша әлемде АИТВ инфекциясын жұқтырған 35 млн. тарта адам бар. Соңғы 3 жылда жаңа АИТВ инфекциясы жағдайлары 13% азайды. ЖИТС-тен болатын өлім-жітім көрсеткіші соңғы 10 жылда 35% төмендеді. АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың өліміне негізгі себеп әлі де туберкулез боп қалуда.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 23662 адам тіркелген. АИТВ инфекциясының 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында таралу деңгейі 0,16% құрайды. Бұл - төмен көрсеткіш, мысалы Ресейде ол 1,1% (7 есе көп), Қырғызстанда - 0,3%  (2 есе көп), Свазиландта (Африка)  - 26,5% құрайды. Республикада 2013 жылы перинатальдық трансмиссия, яғни инфекцияның анадан балаға берілуі 2,3 есеге төмендеді (2010 жылы 4,8% болса, 2013 жылы 2,1% құрады). ЖИТС-ке қатысты өлім-жітім көрсеткіштері 1,5 есе азайды (2010 жылы 17,6 болса, 2013 жылы 11,6).      

ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстан - АИТВ/ЖИТС проблемаларын шешу мақсатында озық әдістерді енгізуде Орталық Азияда жетекші елдердің бірі. АИТВ дертіне шалдыққан науқастарға мультидисциплинарлық әдіс кеңінен қолданылуда. Дұрыс таңдалған АРВ-терапия АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың өмірін ұзартып, басқа адамдарға жұғу тәуекелін азайтады.   

 Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-білім беру шаралары, «Ашық есік күндері», «АИТВ инфекциясына тексеруден өтіңіз» тақырыбымен акциялар, сондай-ақ, АИТВ/ЖИТС профилактикасы мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырылады.   

Тегтер:
28 қараша, 2014 - 19:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші