A A A
Мазмұнына өту

You are here

Зейнеткерге берілетін бірреттік төлемақы

Сәлеметсіз бе? Менің әкем 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан еді. Ол кезде зейнетке шыққан адамға мемлекет бюджетінен төленетін бірреттік төлемақының бар екендігі жайлы көп адамдар білмеді. Бізде білмедік. Биыл, яғни 2014 жылдын шілде айында тұрғылықты жеріміз бойынша аудандық зейнетақы төлем орталығына (Зайсан ауданы ШҚО) барып өтініш жаздық. Олар өтінішті қабылдады. Келіңіз деген уақытында екінші қайтара бардық, олар біз бәрін санап қойдық енді орталықтан растау (подтверждение) келу керек соны күтіп отырмыз деді. Бұдан кейін 5-айдың ішінде 7-рет бардық, барған сайын әлі растау келмеді деп шығарып сала береді. Орталықтан растауды алуға жарты жыл уақыт керек пе? Зейнетақы төлем орталығының бұл әрекеті қаншалықты заңды?. Болмаса басқа кімге, қайда баруымыз керек? Осы сауалдарымызға жауап беруіңізді өтінеміз.

 

Жауап: 

Мемлекеттік кепілдік алушылардың өтініштерін қарау мерзімі мен тәртібі «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде
сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі
кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет
кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №341 қаулысымен реттелген.

Сіздің әкеніздің мемлекеттік кепілдікті төлеуге қатысты құжаттар топтамасын қарау туралы нақты ақпаратты деректердің (ТАӘ, туған күні) болмауына байланысты ұсыну мүмкін емес.  

орын. Г. Әйнекібай

Сұрақтың нөмірі: 318054
18 желтоқсан, 2014 - 15:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші