check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды бекiту туралы бұйрық

Әкiмшiлiк деректердi жинауға

арналған нысандарды

бекiту туралы

 

 

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы  16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған мына:

  1. Оралмандар туралы жалпы мәліметтер;
  2. Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер;
  3. Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер нысандары бекітілсін.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
  3. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
  4. осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
  2. Осы   бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Министр                                                                                                                                 Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

А. Смайылов ___________________

2014 жылғы «___» _____________

ТіркемеМөлшер
PDF icon 3.pdf209.62 KB
PDF icon 2.pdf217.32 KB
PDF icon 1.pdf220.61 KB
PDF icon 1 каз.pdf128.93 KB
PDF icon 2 каз.pdf209.75 KB
PDF icon 3 каз.pdf199.78 KB
Бөлімдер:
12 желтоқсан, 2014 - 11:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші