check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша тартылған шетелдік жұмыс күші туралы АҚПАРАТ

2014 жылдың 1 қаңтардағы

жағдай бойынша тартылған

шетелдік жұмыс күші туралы

АҚПАРАТ

 

Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.

2014 жылға квота республиканың экономикалық белсенді халқы санына шаққанда 0,7 пайыз көлемінде бекітілген, ол 63 мың бірлікті құрайды (2013 ж. – 1,2 % немесе 108,1 мың.).

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 23 мың шетелдік қызметкер еңбек қызметін жүзеге асырған, оның ішінде санаттар бойынша:

бірінші (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары) – 1 701 адам;

екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 994 адам;

үшіші (мамандар) – 10 773 адам;

төртінші (білікті жұмысшылар) – 5 379 адам;

мауысымдық жұмыстарға тартылғандар – 239 адам.

Есепті кезең соңындағы шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің саны, 2 935.

ШЖК тартатын мекемелерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 399,8 мың ол жалпы жұмысшылардың 95,3 пайызын құрайды.

ШЖК тартатын жұмыс берушілермен қазақстандық  азаматтар үшін қосымша 19 613 жұмыс орны құрылған, 4 906 қазақстандық азамат кәсіптік қайта даярлаудан өтті, 16 105 қазақстандық азаматтың біліктілігі арттырылды, 3 116 қазақстандық азамат кәсіптік даярлаудан өтті және 290 шетелдік маман жергілікті маманмен алмастырылды.

28 мамыр, 2014 - 10:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші