check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мониторинг қорытындылары

Қазақстан Республикасындағы

көші-қон және демографиялық жағдайлар туралы

АҚПАРАТ

 

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың сыртқы көші-қонының сальдосы -2 339 адамды құрайды (оның ішінде көшіп келушілер 8 454 адам, көшіп кетушілер – 10 793 адам).

Анықтама үшін: 2013 жылдың ұқсас кезеңінде халықтың сыртқы көші-қонының сальдосы – 655 адамды құраған (оның ішінде көшіп келушілер 10 663 адам, көшіп кетушілер – 10 008 адам).

Этникалық көші-қонға қатысты

1991 жылдан  бастап 2014 жылғы 1 шілде аралығында 258 мың отбасы немесе 951,8 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

 Оралмандар жалпы санының көпшілігі - 61,3% Өзбекстаннан, 12,2% - Монғолиядан, 11,5% - Қытайдан, 7,3%  - Түркіменстаннан, 3,9% - Ресейден және 3,8% - басқа елдерден келгендер

2014 жылдың I жартыжылдығында 3 404 отбасы немесе 7 264 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың шығу елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың басым бөлігі Алматы  22,3% (1620 адам), Оңтүстік Қазақстан – 21,39% (1554 адам), Маңғыстау 25,6% (1865 адам) және Жамбыл облыстарына – 10,9% (797 адам) қоныстанды.  

2014 жылдың I жартыжылдығындакөшіп келген оралмандар қатарынан: 

- еңбеккке қабілетті жастағы тұлғалар– 5086 адам (70,0 %);

- 18 жасқа дейінгі балалар– 1747 адам (24,1 %);

- зейнеткерлер – 431 адам (5,9 %).

Еңбек көші-қонына қатысты (ШЖК тарту бөлігінде)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгіленеді.                    

2014 жылға 63 мың. бірлікті (2013 жылы - 1,2 % немесе 108,1 мың) құрайтын республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7 пайыз көлемінде квота тағайындалды. 

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына 27,3 мың шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде санаттары бойынша:

бірінші (басшылар және олардың орынбасарлары) – 1 658 адам (тартылған ШЖК 6,1%);

екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 5 714 адам (20,9%);

үшінші (мамандар) – 12 199 адам (44,6%);

төртінші (білікті жұмысшылар) – 6 660 адам(24,3%).

Маусымдық жұмыстарға– 1 125 адам (4,1%) тартылды.

Есепті кезеңнің соңына қарай шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны бар бюолғаны – 2 537.

ШЖК тартушы кәсіпорындарда қызметкерлердің жалпы санының 93,6% құрайтын, 394 мың қазақстандық азамат еңбек етеді. Еңбек көшіп-қонушыларының басты шығу елдері Қытай – 23,8 % және Түркия - 17,04% болып қалып отыр.             

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілер 2014 жылғы 6 айда қазақстандық азаматтар үшін 9 700 жұмыс орны құрылды, 2 692 қазақстандық азамат қайта оқытылды, 9 960 жұмыс орны біліктілігін арттыруды жүзеге асырды, 517 қазақстандық қызметкер кәсіптік дайындықтан өтіп, 28 шетелдік маман казақстандық кадрлармен ауыстырылды.                

Ішкі көші-қонға қатысты

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бір өңір шегінде, сондай-ақ өңірлер арасында 170 771 адам көшіп-қонды.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Астана, Алматы қалалары, сондай-ақ Маңгыстау, Ақтөбе және Атырау облыстары ішкі көші-қонның оң сальдосын көрсетіп отыр.

Урбанизациялық үдерістердің белсенденуін, қалалық агломерациялар өсімінің қарқындануын көрсететін ауылдық жерлерде 26,4 адамға дейін барлық ұлттар мен этностар бойынша тұрақты түрде теріс сальдо сақталуда.

По результатам І полугодия т.г. 38,8 % межрегионального прибытия приходится на 3 региона: г. Алматы (14,7%), Астана қ. (13,8%) и Алматинскую область (10,2%).

Демографиялық жағдайларға қатысты

2014 жылғы 1 шілдеде ел халқының саны 17284,8 адамды құрады, оның ішінде қала халқы -  9523,1 адам (55,1%), ауыл халқы - 7761,7 мың адам (44,9%). 

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика халқының табиғи өсімі 126,4 адам адамды құрады (2013 жылы – 117,6 адам). 1000 халқының табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 0,72% құрады.

2014 жылғы 6 айда АХАЖ органдарында 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (188,6 мың адам) 2,4%-ке артық 193,3 мың туу тіркелген. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,5 құрады.

Қайтыс болғандар саны қаралып отырған кезеңге 66,8 мың адамды құрады. Бұл ретте, өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,8 өлгендер санын құрап отыр. 

2014 жылғы 6 айда республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған сәбилер саны 2068 (2013 жылы – 2 228) құрады. 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі қайтыс болған сәбилер саны 7,1% құрады. 1124 сәби қайтыс болған немесе сәбилер арасындағы өлім жағдайларының жалпы санының 54,3% құрайтын сәбилер өлімінің басты себептері перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. кемтар болып жаңа туылған балалар саны 415 адамды, тыныс алу органдарының ауруларынан – 157 немесе 7,5 және жазатайым оқиғалар мен улану және жарақаттардан – 96 немесе 4,6% құрады.  

АХАЖ органдарында 2013 жылға қарағанда 3,8%-ға аз 68,4 неке (2013 жылғы ұқсас кезеңде – 71,1), 25,2  мың  ажырасу (2013 жылғы ұқсас кезеңде –24,6 мың)тіркелген, олардың саны 2,3%-ға өскен .

 

 

 

 

29 қазан, 2014 - 18:47 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші