check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Квота бөлу туралы» 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығы

Квота бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1373 қаулысымен республиканың экономикалық белсенді халқына0,7 пайыз мөлшерінде белгіленген Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға арналған квота облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бөлінсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) үш жұмыс күнi ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                   Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_gos.doc103.5 KB
Бөлімдер:
15 қаңтар, 2015 - 16:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші