A A A
Мазмұнына өту

You are here

Зейнетақы

ҚР Денсаулық сақтау

және әлеуметтік

даму министрі Т.Дюсеноваға

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Тойтобе көшесі №17 тұрғыны

Сейдин Закірден

Менің сұрағым, мен 1 қыркүйек 1958 жылдан 1 сәуір 1962 жылға дейін Семей облысының Абралы, Бескарағай ауданында әскери борышымды өтедім. Семей полигоны құпия болды адресіміз. г.Москва -УОО ВЧ 01534. "Арлагер айнасы" газетінің 5 наурыз 2014 жылғы номерінде Сіздің орынбасарыңыз С.Жакыпова Семей полигонында болғандар Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен теңестірілсін және ай сайын зейнетақысына 10945 теңге төленсін делінген түсіндірмесінде.

Аудандық военкоматқа зейнетақы орталығына да бардым. Бізге ешқандай нұсқау берілген жоқ деп шығарып сала береді. Сіз не дейсіз? газетке берген түсіндірме жалған ба? Жауап күтем.

Жауап: 

Жауап:  Сәлеметсізбе Гульнар Зиябековна!

Зейнетақы  төлемдерінің  мөлшері туралы

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан  кез келген 3 жыл жұмыстың орташа  айлық табысының  мөлшері  болып  табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қантардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы) (бұдан әрі – Заң).

Зейнетақы жарналарын төлеу жөнінде

Міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Бұған қоса айтатынымыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды (негізі: Заңның 24 бабы, 8 тармақшасы).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу туралы толық мәлімет алғыңыз келсе жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе облысыңыз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің  департаментіне  жолығуға  кеңес   береміз.

 

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

 

Сұрақтың нөмірі: 321230
30 қаңтар, 2015 - 19:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші