A A A
Мазмұнына өту

You are here

Семей сынақ полигонынан зардап шеккен зейнеткерлерге берілетін экологиялық төлемақы

Сәлеметсіздер ме!

Менің қоятын сұрағым Семей сынақ полигонынан (Барынша көп радиациялық қауіп аймақтары) зардап шеккен зейнеткерлерге берілетін төлемақы жайлы. Менің Атам Ғұмырының 60 жылын барынша көп радиациялық қауіп аймағында (Абай ауданы) тұрып, кейін Семей қаласына көшкеннен кейін (Жоғары радиациялық қаупі бар аймақ) экологиялық төлемақысын қиып тастады. Семейге көшкеннен кейін қағаз жүзінде тұрғылықты жерін ауыстырған жоқ. 2014 жылға дейін дейін төлемақыны алып келді, кейін тұрғылықты жерін Семей қаласына ауыстырған соң төлемақыны қиып тастады. Сонымен қатар, осы Семей қаласында тұрған кезде алған төлемақыны төлетіп отыр. Білгім келгені осы жағдай қаншалықты заңды? 

Жауап: 

Төтенше және ең жоғары радиациялық қатерлі өңірлерде тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақыға үстемақы көзделген (негізі: Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы).

Ал, жоғарыда көрсетілген аймақтардан көшіп кеткен жағдайда, зенетақыға  қосымша төленетін үстемақының төленуі тоқтатылады.

Осыған байланысты, Семей қаласы  аталған аймаққа жатпайтындықтан (жоғары радиациялық қауiптi аймақ), Сіздің атаңызға экологиялық үстемеақы төлеуге заң негіздері жоқ.

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 321531
20 ақпан, 2015 - 16:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші