check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесiн және оның мөлшерiн бекiту туралы

Жұмыс берушiнiң жұмысқа

орналастыратын елдiң банктерiне

кепiлдiк берiлген  жарна енгiзу

ережесiн және оның мөлшерiн

бекiту туралы

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының                      2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiліп отырған Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепілдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік сақтау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                              Т. Дүйсенова

 

 

1

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «   »                №

бұйрығымен бекітілді

 

 

Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi (бұдан әрi - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының                       4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) кепiлдiк берiлген жарна (бұдан әрi - жарна) - еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ақшалай жарна;

2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган                                            (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;

3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы беретiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына тарту үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат.

 

 

2. Кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу тәртiбi және оның мөлшерi

 

3. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшін жұмыс берушiлер әрбiр шетелдiк қызметкер үшiн Қазақстан Республикасының банктерiне жарна енгiзеді.

4. Жарналар жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі банктік шотына енгізіледі.

5. Банк пен жұмыс берушi арасындағы шартта мыналар көрсетiледi:

1) шетелдiк қызметкердiң өзi аумағында тұрақты тұратын мемлекеттi көрсете отырып, тегi, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi;

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_kaz1.doc43 KB
Бөлімдер:
4 ақпан, 2015 - 17:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші