check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ жобасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

         «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді.

         Заң жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту болып табылады, ол зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Заң жобасы:

  1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін қызметкерлерң табысынан 5 % мөлшерінде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышымен толықтыруды көздейді.

Зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын сақтап қалу үшін     2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу ұсынылады.

Жаңа жүйе зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы, сол сияқты таратушы қағидаттарын қолдайды.

«БЖЗҚ» АҚ-да ашылған шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушілер пайдасына олардың табыстарынан міндетті 5 %-дық зейнетақы жарналарын аударатын қызметкерлер зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылады.   

Қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткен және қатысу өтілі бес  жылдан кем болмаған жағдайда шартты-жинақтаушы құрамдауышынан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы міндеттемелеріне және күтілетін өмір сүру ұзақтығына байланысты айқындалатын болады.  

Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды.

Жүйеден берілетін зейнетақы жүйенің қаржылық көрсеткіштеріне және «БЖЗҚ» АҚ инвестициялық қызметінің нәтижелеріне байланысты жыл сайын индекстелетін болады.

2. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгеретін болады.

Базалық зейнетақы азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналарын төлеудегі нақты өтілі) тағайындалатын болады.

2017 жылғы 1 шілдеге дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыға біржолғы қайта есептеу жүргізілетін болады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болған  жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 %-ын құрайтын болады, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға арттырылып отырады, қатысу өтілі 35 және одан көп  болған жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 % тең болады.  

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем зейнеткерлер үшін төлемнің мөлшері базалық зейнетақының бүгінгі мөлшерінен төмен болмайды. 

Зейнеткерлердің келешек буыны үшін базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.

3. Әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды реформалау

Әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Олардың зейнетақыларының мөлшері еңбек сіңірген жылдарына және қызметтен босатылған сәттегі ақшалай қамтылымына байланысты есептелетін болады.  

Бұл ретте, 2016 жылдан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 %-дық  міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері жойылатын болады.

Бұдан өзге олардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының елу пайызы бюджет кірісіне қайтару ұсынылады.

Сондай-ақ қызмет өткерудің  тең шарттарында әртүрлі уақыт кезеңдерінде запасқа шығарылған әлеуетті құрылым зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріндегі сәйкессіздікті жою үшін 2016 жылы бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне, зейнетақы ісінің материалдары бойынша қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылы, еңбек өтілі, ақшалай қамтылымы есепке қабылданып, оларды толық мөлшерге дейін жеткізу ескеріле отырып толық емес көлемде біржолғы қайта есептеу жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, Заң жобасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдерін жетілдіру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту көзделіп отыр.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру жиынтық зейнетақының орташа мөлшерінің орташа айлық жалақыға арақатынасын    2030 жылға дейін жоғалған табыстың кемінде 40 %-ы деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген заң жобасын қабылдау бір мезгілде (кейіннен)       1 кодекс пен 2 заңды сәйкестікке келтіруді қажет етеді.

Заң жобасы қабылданған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдар болжанбайды.

 

ТіркемеМөлшер
Package icon gos.zip346.91 KB
Бөлімдер:
17 ақпан, 2015 - 21:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші