A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысы

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 394-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, агроном, агрохимик, әкімші, аккомпаниатор, акушер, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, маманның ассистенті (көмекшісі), режиссердің ассистенті, карантиндік зертхана бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биохимик (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), бухгалтер, карантиндік зертхана вирусологы, мал дәрігері, мал фельдшері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), геодезист, герболог (оның ішінде карантиндік зертхананың), гидрогеолог, гидротехник, емдәм бикесі, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, флот жөніндегі диспетчер, дыбыс режиссері, зоотехник, тіс дәрігері, тіс технигі, инспектор, барлық мамандықтағы инженер (оның ішінде геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері), нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), капитан, кинорежиссер, кинооператор, командир, конструктор, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), концертмейстер, корректор, мәдени ұйымдастырушы, тілші, зертханашы, орманшы, шебер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, менеджер, әдістемеші, механик, миколог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), микробиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратураны басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, аң аулау маманы, палеограф, паразитолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), аудармашы, режиссердің көмекшісі, жетекшінің көмекшісі (оның ішінде ЖОО, ҒЗИ, ұлттық ғылыми-практикалық орталық), оқытушы, провизор, бағдарламашы, жобалаушы, продюсер, жұмыс жүргізуші (прораб), психолог, радиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), редактор, режиссер, қоюшы режиссер, репетитор, рентген зертханашысы, референт, үйірме жетекшісі, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), солист, әлеуметтанушы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мамандандырылған медициналық бике, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, зерттеуші-тағылымдамадан өтуші, статистик, технолог, барлық атаудағы техниктер, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фармацевт, фельдшер (-зертханашы), фитопатолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), шкипер, штурман, эколог, экономист, энергетик, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), заң кеңесшісі.»;
      2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «G-10» санатында:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілігі жоғары деңгейлі маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биолог, биохимик, бухгалтер, карантиндік зертхананың вирусологы, мал дәрігері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчері, дыбыс режиссері, зоолог, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, концертмейстер, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, ұшқыш-бақылаушы, логопед, мастер, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердің көмекшісі, провизор (фармацевт), продюсер, жұмыс өндіруші (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы, солист, әлеуметтанушы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік педагог, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі маман, зерттеушi-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпидемиолог, эпизоотолог, заңгер консультант.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                                                              К.Мәсімов

 

Бөлімдер:
20 ақпан, 2015 - 20:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші